Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дауылпаз ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау мақсатында 2020 жылдың 21 қазан күні онлайн – форматта ZOOM платформасында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі X Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.

16-25 жас аралығындағы шығармашылық жастарды байқауға қатысуға шақырамыз.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі X Қасым Аманжолов оқуларының ЕРЕЖЕСІ