Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/new_kray/nurmakov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/new_kray/nurmakov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Нұрмақовтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған «Туған халқының қайтпас қаһарманы» атты жас кітапханашылар арасында облыстық буктрейлер байқауының қорытындысы онлайн өтті.

Байқаудың басты мақсаты Н.Нұрмақовтың өмірі мен қызметін қол жетімділік ақпаратқа инновациялық нысандары арқылы насихаттау.

Кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық потенциалдарын ашып көрсету, жұмыстың дәстүрлі емес жолдарын тауып, жүзеге асыру.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен шара 2020 жылы ақпан айында жарияланған болатын.

Байқаудың Ережесі бойынша 18 бен  бен 35 жас аралығындағы 28 кітапханашы қатысып, бақ сынасты. Қатысушыларымыз 2020 жылдың 20 наурыз бен 15 сәуіраралығында YouTube, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерге жүктеп, оқырман назарына ұсынды.

Шараны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакеновтың құттықтау сөзімен ашып берді.

{gallery}material/new_kray/nurmakov{/gallery}

ҚарМТУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, қазылар алқасының төрайымы С.С. Қасымованың жетекшілігімен  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, доктарант Н.Б. Смағұлов, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ. Уатаева, Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы А.А. Чен, Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының облыс кітапханаларын дамыту бөлімі басшысы А.К. Қарашовалар келіп түскен жұмыстарды саралап, жүйріктерді анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

Бас жүлде Бірәлі Әсел, Құрманбаева Гүлсара, Утебаева Ғалия Жезқазған қаласының ОКЖ кітапханашылары (топтық жұмыс)

https://www.youtube.com/watch?v=Yj1MauU_UYM

  • 1 орын Ермекбаева Майра, Кенжетаева Гульназ, Көшербаева Жангул Жезқазған қаласының ОКЖ кітапханашылары (топтық жұмыс).
    https://www.youtube.com/watch?v=DLSd7qDI5Rw&t=6s
  • 2 орын Асанова Нургамила Шахтинск қаласының ОКЖ кітапханашысы.
    https://www.youtube.com/watch?v=S5U3P3tGlG8
  • 2 орын Байдарин Дидар, Ермекбаева Гүлнұр,Медеубекова Алтынай  Шет ауданының ОКЖ кітапханашылары (топтық жұмыс).
    https://youtu.be/a48pnKMSGMo
  • 3 орын Қасым Айгерім Қарқаралы ауданының ОКЖ кітапханашысы
  • 3 орын Ілімбай Мөлдір, Дзюба Мария Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана кітапханашылары (топтық жұмыс).
    https://www.youtube.com/watch?v=neSwp1QddIc&t=3s
  • Ынталандыру сыйлығымен Бақыт Әлия, Бозова Бибинур, .Хабалхан Лаззат Балқаш қаласының ОКЖ кітапханашылары (топтық жұмыс) және Сұлтанова  Қарлығаш Ұлытау ауданының  ОКЖ кітапханашысы.

Облыстың жас кітапханашылары осы байқауға қатысу арқылы Нығмет Нұрмақовтың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен қысқа ғұмырында соңына қалдырған тағылымды істері мен мұралары туралы кеңінен танысқаны сөзсіз.

Онлайн кештің соңында оқырман назарына Нығметтің өмірі мен қызметі жайында кітапхана қорындағы еңбектерден құралған «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесінде ұсынды.

Буктрейлер байқауының жеңімпаздары анықталды // Орталық Қазақстан. - 2020. - 25 сәуір

С.О.Телпекбаева