Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2020_75 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2020_75 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Биыл адамзат тарихындағы қанды қырғын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық қаһармандардың ерліктерін насихаттау,  жастардың бойында Отан тарихына, соғыс ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне құрметпен қарауға және патриотизмге тәрбиелеуге, бейбітшілік үшін от кешкен майдангер-батырлардың өмір тарихы туралы жаңа деректер табуға ықпал ету мақсатында кітапханамыз "Жеңістің өшпес шырағы» атты облыстық байқау өткізді. Байқауда  18- 29 жас аралығындағы  талантты да талапты шығармашыл жастар бақ сынады.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен байқау, карантин кезіне тұспа-тұс келгеніне қарамастан жоғары дәрежеде өтті. Бұған дәлел - Ұлы Жеңісті насихаттауға қызығушылық танытқан 77 үміткердің жұмысы. Аламанға Қарағанды, Жезқазған, Саран, Балқаш, Абай, Приозерск қалаларынан, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Шет, т.б. аудандарынан үміткерлер қатысты.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді: "Соғыс жайлы барлығы жазылған жоқ» номинациясында – жастар эссе жазды, "Жеңіс жайлы жырлаймыз» номинациясында – өлеңдер ұсынылды, "Соғыс. Жеңіс. Естелік.» номинациясы – бейнеролик дайындау арқылы жастар шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана алды.

Өкінішке орай, әлемнің алпауыт елдерінің басына түскен індет біздің елді де айналып өтпегеніне байланысты, байқау карантин уақытында қашықтықтан өткізілді. Жүзден жүйрікті таңдауда қазылық еткен Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының басшысы – Серік Сағынтай, "Сарыарқа» медиахолдингінің басшысы – Қамбар Ахметов, Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. – Жансая Жарылғап, Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының оқытушысы – Нұрлан Абильдин, "Saryarqa» облыстық арнасының редакторы – Ботабек Тлегенов, "Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторының орынбасары, жазушы - Алмаз Мырзахмет секілді ел ағалары мен Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК ғылыми хатшысы – В.И. Пак әр қатысушыға әділ бағаларын берді.

Облыстық байқаудың қорытындылау рәсімі 2020 жылдың 5 мамырында ZOOM платформасында және кітапхананың Instagram, Facebook парақшаларында тікелей эфирде салтанатты түрде жарияланды.

{gallery}material/news/2020_75{/gallery}

Онлайн кеш барысында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы Жұмакенов жастарға жылы лебізін білдіріп,  байқаудың әділ қазы алқасының төрағасы Серік Сағынтай қатысушылардың жұмыстары жөнінде жалпы ойын айта кетті.  Ал "Сарыарқа» медиахолдингінің басшысы Қамбар Ахметов мұндай байқаудың өткізіліп жатқанына қуанышын жеткізе отырып, үздік танылған байқау жұмыстарды жариялауға, тіпті кейбір авторлардың "Сарыарқа» медиахолдингіне қызметке тұруға мүмкіндігі барын хабарлады.

Майданнан оралмай қалған аталары мен апалары, олардың ерліктері жайында жастардың көп ізденгендері аңғарылды.  Қанмен келген бүгінгі бейбіт өмірдің қасиетін ұғынатындары тіпті көңіл қуантады.

Жас ұрпақты рухани құндылықтарға, патриотизмге тәрбиелеп, дарынды қаламгерлермен толықтырып, шығармашылықтарына кеңінен жол ашу мақсатында аталмыш байқау жеңімпаздарының жинақ боп жарық көретін болады.  

{gallery}material/news/2020_75_1{/gallery}

Қазылар алқасының талқысынан өтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан жүлдегерлер марапатталды.

 "Соғыс жайлы барлығы жазылған жоқ» номинациясы бойынша жүлде иегерлері:

Бас жүлдені - Сайрамбек Гүлсімай  (Қарағанды)

  • 1 орын – Жұмагұлова Айым (Бұқар Жырау ауданы)
  • 2 орын – Тлеукенов Тұрар  (Нұра)
  • 3 орын – Темірханова Дарина  (Бұқар Жырау ауданы)
  • Ынталандыру сыйлығының иегерлері – Талгатұлы Нариман (Қарағанды), Байкен Жұлдыз (Бұқар Жырау ауданы), Мұхамедияров Саламат (Жезқазған қ.)

"Жеңіс жайлы жырлаймыз» номинациясы бойынша жүлде иегерлері:

Бас жүлдені - Рахымжанова Айзада  (Қарағанды қ.)

  • 1 орын – Абай Ораз (Сәтбаев қ.)
  • 2 орын – Мұқағали Сейтқазы (Жезқазған қ.)
  • 3 орын – Оралбай Аружан (Жезқазған қаласы)
  • Ынталандыру сыйлығының иегерлері – Кәлім Абайбол (Шет ауданы), Сайдалин Думан (Жезқазған қ.), Гура Лидия (Бұқар Жырау ауданы)

"Соғыс. Жеңіс. Естелік.» номинациясы бойынша жүлде иегерлері:

Бас жүлде - Әубәкіров Дінмұхаммед (Қарағанды қ.)

  • 1 орын – Қасымханов Нұртас (Қарағанды қ.)
  • 2 орын – Малюкин Никита (Қарағанды қ.)
  • 3 орын – Думан Мұсаұлы (Қарқаралы қ.)
  • Ынталандыру сыйлығының иегерлері – Ермолаева Валерия (Шахтинск), Әубәкірова Сымбат (Қарағанды қ.), Кайырханова Алуа (Балқаш қ.).