Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Хакімнің мерейтойына орай оқу залдары бөлімінде «Абай мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абайдың мәңгілік өшпес рухани мұрасын қайта жаңғырта, оқырман қауымның санасына даналықтың нұрын шашып, парасатты ой ұялататын бұл кітап көрмесі Абай мен Гетенің жалпы ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, Абай мұрасының тарихын үйренушілердің білімін кеңейте түсері сөзсіз.