Сәуір айы кітапханада дәстүрлі түрде әр түрлі іс-шараларға толы. Бұл жыл да қалыс қалған жоқ. Биылғы жылы Қазақстан мен Қарағанды облысында қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі, ХХ ғасырдың мемлекеттік қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы кеңінен аталып өтіледі. Жыл басында біздің кітапхана жас кітапханашылар арасында көрнекті мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығына арналған буктрейлерлер облыстық байқауын жариялады. Сәуір айында бұл байқаудың қорытындысы шығарылады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне және т.б. арналған онлайн режимінде іс-шаралар ұйымдастырылады.

Барлық кітапхана оқырмандарымызды біздің онлайн іс-шараларға қатысуға шақырамыз!

Толығырақ