Қазақстанның ғылыми әлеуеті қашанда жоғары. Қарағандының ғылым саласында біртұтас мектептің негізін салған, өзінің ғылыми арнасында айтулы жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарымызбен мақтанамыз.

Еліміздегі білікті мамандар даярлап шығаруда өлшеусіз еңбек сіңірген, сан қырлы талант иесі, ғұлама ғалымдарымыз - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Талғатбек Әбдіразақовтың 100 жылдығына, қазақтың біртуар азаматы, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 95 жылдығына, медицина ғылымдарының докторы, белгілі ғалым-гигиенист, профессор Ғабдолла Құлқыбаевтың 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған көрме ғалымдар туралы, авторлардың жеке еңбектерінен, жалпы ғылыми зерттеулер және де ғалымдардың газет - журнал беттеріне шыққан еңбектерімен толықтырылды.

Құрметті оқырмандар! Еліміздің дамуына зор үлес қосқан ғалымдарымыздың өмірбаяны, шығармашылығы, еңбек жолына арналған әдебиет пен мерзімді басылымдар, фотосуреттерден тұратын кітап көрмесін онлайн тамашалау ұмытылмас әсер қалдырды деген сенімдеміз.

Сіздерге кітапхана қорындағы мерзімді басылымдарда әр жылдары жарияланған мақалалардың толық мәтінін ұсынып отырамыз.

Е.А.Бөкетов туралы әдебиеттер:

Асанов Қ. Евней Букетов: ...қазақи қалпымда ойланамын [Электрондық ресурс] // Арқа-Ақпарат. - 2005. - Қол жеткізу режимі: http://arka.medialaw.kz/

Жанысбай С. Евней қатысқан "Экспо" // Орталық Қазақстан. – 2017. – 19 қыркүйек (№ 103). – 2 б.

Көкетаев Т. Бөкетовтің биігі // Орталық Қазақстан. – 2018. – 27 наурыз (№ 33). – 4 б.

Құлқыбаев Ғ. Тұғыры биік тұлға // Егемен Қазақстан. - 2005. - 20 наурыз

Оразалықызы Г. "Хаттар, хаттар, сенде тұнған сырлар бар…" // Орталық Қазақстан. – 2016. – 20 ақпан (№ 33/34). – 5 б. (жазушы-журналист Жайық Бектұровтың  Мәскеудің емханасында жатқан Е. Бөкетовке жазған хаты)

 Т.Ә. Әбдіразақов туралы әдебиеттер:

Аймағамбетов Е. Наркескен // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 наурыз (№ 45/46). - 4 б.

Батырхан С. Жыр - ғұмыр // Орталық Қазақстан. - 2018. - 2 тамыз (№ 84). - 4 б.

Әбдіразақов Т. Ә. Қазақ халқының ұлы перзенті // Азия транзит. - 1999. - 11-17 наурыз. - 4,13  б.

Кәренов Р. Тұғыры биік, тұлғасы зор ғалым // Азия Транзит. - 2000 . - №1. - 8-10  б.

Омарбекова Р. Мен үшін асыл аға еді // Орталық Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан (№ 17/18). - 4 б.

Шәріпқызы М. Ұстаздық - ұлы жауапкершілік : ардагер ұстаз, ақын М.Шәріпқызымен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Мұсабеков // Орталық Қазақстан. - 2019. - 5 қазан (№ 110). - 6 б.

Ғ.Ә. Құлқыбаев туралы әдебиеттер:

Аманжол І. Тұлпардың тұяғы // Азия Транзит. - 2000. - N1. - 26-31 б.

Бөкетов Қ. Әмбебап академик еді // Орталық Қазақстан. - 2006. - 20 сәуір. - 12  б.

Құлқыбаев Ғ. Ақселеу асулары // Орталық Қазақстан. - 2002. - 23 қараша. - 8  б.

Құлқыбаев Ғ. Ә. Рухани аға әрі сырласым болатын // Орталық Қазақстан. - 2002. - 11 желтоқсан. - 9  б.

Онаев С. Жақсының жолы // Орталық Қазақстан. - 2020. - 4 ақпан (№ 13). - 4 б.