Алтын Орда хандығына 750 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» керектігін айтқан еді. Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі. Халық осы қасиетті жерде сайланған хандарды ақ киізге көтергендігі туралы баяндаған болатын.
Осы орайда «Көпсалалы – гуманитарлық техникалық колледж» студенттерімен «Алтын Орданың құрылуы мен тарауы» атты тарихи сағат өтті. Тарихқа тағылым жасау барысында студенттерге Алтын Орда хандығының құрылуы мен құрылымы, шаруашылығы мен қолөнер жәдігерлері, дамуы мен саяси ахуалы, әлсіреуі мен ыдырауына байланысты «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі атты» слайд көрсетілді, сонымен қоса жазбаша түрде «Семантикалық карта» және «Венн диаграммасы» қосымша тест сұрақтарымен қорытындылау нақтылау барысында «Insert» кесте әдіс тәсілдері ұсынылды.
Тарих ата – бабамыздың жүріп өткен жолдарының ізі, оны біз жүрекпен сезініп санамызбен түйсіне білуіміз қажет. Сол себептен де колледж студенттеріне «Венн диаграммасы» бойынша Алтын Орда мен Қазақстан мемлекетіне сипаттама беріп, өткен тарих пен қазіргі заманды салыстыру, территориясы мен ұқсастықтары, ортақтығы мен сол кездегі хандарға мінездеме жазуына ықпал еттік.
Ауызша ой ұтымдылығымен шапшаңдығы, біліктілігі мен білімділігін негізге ала отырып «Tест» сұрақтарымен қорытындылап, нақтылау барысында «Insert» кесте әдісі бойынша студенттер «Білемін», «Жаңа білдім», «Білгім келеді?» бөлімдеріне ой пікірлерін жазбаша түрде ортаға салды.
Студенттер Алтын Орда туралы жазылған көркем әдебиеттер мен Алтын Орда хандарының ұрпақтары туралы, және Қазақстан территориясы мен Алтын Орда хандарының ауыса беру себебі жайлы сұрақтарын қойып, толымды жауап алды. Тарихи сағатты қорытындылау үшін студенттерге «Ел тарихы – Алтын Орда» атты кітап көрмесі ұсынылды. Студенттер бар ықыластарымен тыңдап, белсенділік танытты.
Тарихи сағат студенттердің алдағы уақыттарда, жаңа ізденістеріне ықпал етеді деген ойдамыз.
Мерзімді басылымдар секторы: Жаркеева Г.А.