Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор, ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы.

Осыған орай кітапхана "Білімдіден шыққан сөз" атты Абай шығармаларынан бейнецитата Акциясын жариялайды.

Акцияның мақсаты ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының мәдени мұрасын қазіргі заманғы ақпараттық коммуникацияларды қолдану арқылы насихаттау.

Сіздерді Акцияға қатысуға шақырамыз! Ерекше бейнероликтер күтеміз!

"Білімдіден шыққан сөз ..." бейнецитата Акциясының ережесі