Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/alfarabi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/alfarabi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2020 жылдың 25 ақпан күні Ұлы ғалым Әл – Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімі Қарағанды көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінің «Аралас мамандық» бөлімінің 1 курс студенттерімен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты ақпарат сағатын өткізді.

Ақпараттық сағаттың мақсаты - жас ұрпаққа ғалымның өмірі мен ғылым саласына сіңірген орасан зор еңбектері мен мұралары жайлы айту, философиялық және қоғамдық еңбектерін түсінікті түрде таныту.

{gallery}material/2020/gallery/alfarabi{/gallery}

Күллі оқымысты қауымнан оза шыққан ұлы ғұламаның өмірі, зерттеуші ғалымдардың архив деректеріне сүйене отырып келтірген құнды деректері студенттер қауымының аса қызығушылығын тудырды. Заманымыздың ойшылы Абаймен шығармашылық сабақтастығына тоқталып, Фарабидің «Ғақли көзбен қарасаң, Дүние ғажап сен – есім, Жақли көзбен қарасаң, Дүние қоқыс сен - мешін» сөзін Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі идеямен салыстырар болсақ екі дана да дүние ғажап құбылыс екендігін, әр заттың өз орны болатындығын, соны тапқанда ғана өзіңнің қадіріңнің артатындығын, адамгершіліктің содан туындайтынын тұжырымдайды. Мысалдар келтіре отырып айтылған дәйектемелер екі ойшылдың рухани үйлесімділігін танытқандай. Ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектеріне байланысты ұсынылған «Ұлы ғұлама» слайды мен «Әл - Фараби» атты кроссворд тапсырмаларын колледж студенттері ынтамен орындап, өз білімдерін толықтыра түсті. Әл – Фараби еңбектерінің бізге жету кезеңдері мен зерттелу кезеңдері, зерттеуші ғалымдар жайлы да толық түсінік берілді. Тақырып бойынша ұсынылған «Әлемнің екінші ұстазы» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттермен студенттер қызыға танысты.

Шара соңында кітапхананың жеке сайты мен қызмет көрсету аясына тоқталып, студенттерді кітапхана оқырманы болуға шақырды.

 Оқу залдары бөлімі кітапханашы К. Айтбаева