Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/eko_seminar_OMK is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/eko_seminar_OMK is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Жаһанды ойла, жергілікті іс жаса.

29 ақпанда кітапханамыздың Америка бұрышы негізінде «Әлемді сақтайық» атты бірінші экологиялық семинар өтті. Семинарға орта мектептердің профильді пән мұғалімдері мен оқытушылары, сонымен қатар қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен оқушылары, барлығы 28 адам қатысты.

Шараның мақсаты – ұстаздардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және алған білімдерін кәсіби қызметі барысында жас ұрпаққа беру.

Семинарды тәжірибелі эко-тренер, салауатты өмір салты бойынша коуч Дамир Каримов жүргізді.

Шара барысында қатысушылар экологиялық өмірдің негіздерімен танысты.:

- энергияны үнемдеу және ресурстарды орынды пайдалану,

- қоқысты санаттар бойынша жинау, сұрыптау және өңдеу,

- тұрмыстық химия мен пластиктің зияны туралы,

- қоршаған ортаға зиян келтірмей ақылмен заттарды тұтынуды үйрену.

{gallery}material/2020/gallery/eko_seminar_OMK{/gallery}

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар кәсіби өзін-өзі дамыту үшін электронды түрде қосымша материалдарды, сондай-ақ семинар барысында алған білімді іс жүзінде қолдану бойынша үй тапсырмасын алды. Үй тапсырмасын сәтті орындаған 2 қатысушы 2020 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қорытынды оқыту семинарына қатысуға және «Экологиялық мәдениеттің амбассадоры» атағын алу мүмкіндігіне ие болады.