[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/kvest is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Ата Заңымыздың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2020 жылдың 21 ақпан күні кітапханада Қарағанды қаласының колледж студенттеріне арналған «Ата заң – болашақтың кепілі» атты құқықтық квест ойыны өтті.
Шараның мақсаты - жастардың конституциялық және құқықтық мәдениетін, конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып қорытынды жасай білу
Квест ойынына Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінің «Қырандар» командасы, «Экономика, бизнес және құқық» колледжінің «Алаш» командасы, ЖШС «Фемида» колледжінің «Фемида КZ» командаларынан құралған студенттер қатысты.
Қатысушы командалар үшін квест ойыны «ТАПҚЫРЛАР», «ІЗДЕМПАЗДАР», «ДОСТЫҚ» бағыттарында іздестіру алгоритмін тауып, нақты тапсырмаларды орындауымен ерекшеленді.
{gallery}material/2020/gallery/kvest{/gallery}
Қатысушыларға ұнағаны электронды каталогтан құқық тақырыбына байланысты әдебиеттер тізімін табу, кроссворд шешу, кітап қорынан құқық туралы кітаптар іздеу болды. Ойын тартымды өтті. Студенттер өте белсенді болды.
Квест ойынының қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар марапатталады. Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінің «Қырандар» тобы шапшаңдықтарымен, уақытты дұрыс пайдалана білгендіктерімен бірінші орынды, екінші орынға «Алаш» командасы «Экономика, бизнес және құқық» колледжі, ал үшінші орынға «Фемида КZ» командасы ЖШС «Фемида» колледжі иеленді.
Студенттерді бастап келген жетекшілерінің айтуынша осындай студенттермен болашақта алған білімдерін пысықтайтын іс-шаралар болып тұрса деп тілек қосты. Жастарды Отан сүйгіштікке тәрбилейтін, еліміздің құқықтық заңдарын сыйлап, қалтқысыз орындайтын жас ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Жоғары патриоттық сезімдері биік ұрпақтар көп болсын.
Оқырмандар назарына «Ата заң – болашақтың кепілі»атты кітап көрмесі ұсынылады.
Оқу залдары бөлімінің басшысы А. Қ. Исина.