Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_blagod is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_blagod is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қазақ елінің біртұтастығы, қонақжай, жаны дархан қазақ халқы бір шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдерін айрандай ұйытып, тату-тәтті өмір сүруі – күллі әлемге үлгі және іштей ыдыраған елдер үшін өнеге боларлықтай көрсеткіш.

Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр. Биыл аталмыш ұйымның құрылғанына 25 жыл. Осыған орай, кітапханамызда «Тағдырлар тарихы» тақырыбында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеш мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қолдау.

Шара барысында сөз алғандар «Суайчыннiкi» Беларус этномәдени қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облыстық қоғамы «Видергебурт» неміс орталығының өкілдері Асадчая Зинаида Ивановна, Фризен Надежда Николаевна оқырман қауымға Ассамблея жанынандағы этно-мәдени бірлестіктердің жұмысы жайында баяндап берді. Сонымен бірге қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған халықтардың өткен тарихынанда мағлұматтармен, естеліктермен бөлісті. Сол ауыр жылдары қазақ халқының миллиондаған босқындарға көмек қолын созған қазақ отбасылары, паналатқан өлке туралы ата-әжелерінен естіген әңгімелерін ортаға салды.

«Қазақстан - ортақ үйіміз, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы деп білеміз» - деді этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері.

Мазмұнды өткен кеште әндерде айтылып, өлеңдерде оқылды. Әрқайсысын мазалап жүрген сұрақтарына да осы кеште жауаптарын алды.

Сонымен бірге оқырмандар назарына «Елдің қуаты – халықтың бірлігінде» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен тарқастық. Мұндай шаралар келер ұрпаққа аманат.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева

 {gallery}material/2020/gallery/2020_blagod{/gallery}