Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/OMK_4spel_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/OMK_4spel_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

ҚР-ғы Үш тілді білім беру тұжырымдамасы аясында Қазақстандағы АҚШ елшілігі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ағылшын сөздерін әріптерге талдау жарысын (Kazakhstan Spelling Bee 2020) төртінші рет ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты - қазақстандық жастар арасында ағылшын тілін үйренуді насихаттау.

 «Spelling Bee» ұлттық конкурсы әлемнің көптеген елдерінде өткізіледі: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Мексика, Индонезия, Пәкістан. Бұл сайыс үнемі американдық мектептерде ұйымдастырылады. Байқаудың ережесі өте қарапайым: берілген ағылшынша сөзді, әріптерге талдау қажет.

2020 жылдың 9 ақпанында халықаралық әдебиеттер бөлімнің негізінде «Spelling Bee» жарысының бірінші туры өтті. Байқауға қатысуға Қарағанды қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының 40-тан астам студенті онлайн түрде тіркеліп, барлығы шараға 40 студент қатысты. Мусина К. М. Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы, кітапханамыздың оқырманы және еріктісі, шараның жүргізушісі ретінде - аудиторияны қатысушылардың сауалнамаларымен таныстырды.

{gallery}material/2020/gallery/OMK_4spel_1{/gallery}

«Spelling Bee» өте қызықты және қарқынды өтті. Қазылар алқасы құрамында: “SBE” жеке білім беру орталығының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сарымсақова С., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Клунная В.О., және “Scholarship” білім беру орталығының оқытушысы Нижникова В.В. сөздердің дұрыс айтылуын бағалады. АҚШ-нан шақырылған маман, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы – Валери Сартор (Valerie Sartor) сөздерді дауыстап айтып, кітапханамыздың оқырманы, Мұрагер мектебінің 10-шы сынып оқушысы Темірлан Бөкебаев уақытөлшеуші болды.

{gallery}material/2020/gallery/OMK_4spel{/gallery}

«Spelling Bee» байқауының Қарағанды қаласындағы жеңімпаздары:

* 1 орын: Назира Артыкбаева - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің шет тілдер факультетінің төртінші курс студенті. Ол кітап оқуды және шет тілдерін үйренуді ұнатады.

* 2 орын: Ислам Рахимбек - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің химия факультетінің төртінші курс студенті. Ислам ағылшын тілі мен жапон тілінде бірдей жақсы сөйлейді.

* 3 орын: Аяжан Төкенова - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің филология факультетінің 2 курс студенті. Аяжан шетел тілдерін үйренумен қатар, спортпен және волонтерлік қызметпен айналысады.

Байқау жеңімпаздары 2020 жылы 14 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық байқаудың екінші турына шақырылады. Осы күні жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, ағылшын емле білгірі сертификаттарына ие болды.

 «Spelling Bee» конкурсының республикалық кезеңінде біздің қатысушыларға жеңіс тілейміз!

 БАҚ қатарынан eKaraganda интернет-басылымының тілшісі А. Строкова байқау жайлы ақпарат берді: http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=92613