Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/JJ_11022020_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/JJ_11022020_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,.. -

деп мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, 2020 жылы қазақ әдебиетінің  ұлы классигі, бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толғанына орай елімізде біршама іс-шаралар өткізу жоспарланған.

 Осыған орай, ақпан айының 7-ші жұлдызында кітапханамызда "Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне, сонымен қатар кітапхана қабырғасында құрылған «Жыр – жауһар» поэзия клубының жаңа маусымының ашылуына орай әдеби-сазды кеш өткізілді.

Әдеби - сазды кешке өңірімізге белгілі ақын, Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығының қызметкері: Қайрат Асқар және  «Жыр –жауһар» поэзия клубының алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің бірі, ақын Эльмира Сайлауқызы, Еркебұлан Елеусізұлы, Меруерт Аңсат және Жоламан Әйткен кештің шашбауын көтеріп келді. Сонымен қатар, Бектас Жұман бастаған «Ұлағат» жастар орталығының мүшелері кешіміздің құрметті қонағы болды.

Шара аясында «Ұлағат» жастар орталығының мүшесі, жас ақын  Бектас Жұманды және №7 Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларын ақын аға-әпкелері «Жыр - Жауһар» поэзия клубының  төс белгісі  табысталып, «Жыр - Жауһар» поэзия клубына мүшелікке ресми түрде қабылдады.

{gallery}material/2020/gallery/JJ_11022020_1{/gallery}

Кеш барысында қос ақын мен «жыр-жауһарлықтардың» шығармашылығына орай кітапхана қорында бар кітаптар мен мерзімді басылымдарды таныстыру мақсатында «Қазақтың рухани жаққұттары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Аталмыш кештің өтуіне Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің, Қарағанды гуманитарлық колледжінің, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенттері сонымен қатар №7 Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының, №18 ЖОББМ-нің оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса Тәттімбет атындағы Қарағанды  өнер колледжінің студенттері шағын сахналық қойылым көрсетіп, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерін нақышына келтіре орындады.

{gallery}material/2020/gallery/JJ_11022020_2{/gallery}

Қазақтың ұлы классигі, бас ақын Абай Құнанбайұлы мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқыған жас таланттар көрерменнің көңілін рухани сусындатып қана қоймай, әуезді ән мен көркем көрініс көрсетіп көпшілік ықыласына бөленді.

Техникалық  – құрылыс өнер колледжінің ұстазы Хуат Айтолқын Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған «Өлсем орным қара жер сыз болмайма?» атты әнін қазақтың қара домбырасына салып, сәнін келтіре орындады.

{gallery}material/2020/gallery/JJ_11022020_3{/gallery}

Қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосатын жас «Жыр-жауһарлықтардың» алдағы уақытта өткізетін жоспарлары жетерлік.

Кездесуге куә болған әр оқырман өзіне тағылымы мол рухани азық алып, өнер айдынынан сусындап қайтты. Кеш соңында  қатысушыларға алғыс хат табысталды.

Абонемент бөлімі