2020 жылдың 24 қаңтар күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кешкі мәдени өмірді сүйетіндерге өз есігін айқара ашады. Бұл кеште қала тұрғындары мен қонақтары, әсіресе Қарағанды жастары «Кешкі P.S.» библиосейшннің белсенді қатысушылары бола алады.

Біздің қала шығармашыл жандармен, жарқын да, қадамы нық адамдармен танымал. Өзін интеллектуалды, әдеби, музыкалық қырынан көрінгісі келген, достарымен кездесіп, тамаша көңіл-күй мен жаңа жағымды әсер алам деушілерді дарынды, креативті, жігерлі қарағандылықтар бас қосатын ұмытылмас кешке шақырамыз.

Бағдарламада:

  • * «N-band шығармашылық жобасы» - музыкант Павел Нечаев пен ақын Алена Нечаеваның шығармашылық бірлестігі;
  • * «Жасырын кездесу»: Леон Баттист атындағы оқырман клубының  жастары қызықты кітап шолуын ұйымдастырады, онда кітаптар қағазға оралады да, шығарма атауы жасырылады. Жасырылған шығарманың атауын қолмен жазылған қысқаша аннотация арқылы анықтауға болады. Сонымен қатар, олар жастар арасында «Өнімділік пен тиімділік. Көп жұмыс істеу үшін қалай үлгеруге болады?» тақырыптарын талқылауға ұсынады;
  • * «Жұлдыздарды бақылау»: жұлдыздарды ұнататындар үшін телескоп арқылы түнгі аспанды тамашалауға және тілек тілеуге мүмкіндік жасалады;
  • * «Миллениалдар кеші»: халықаралық әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен барлық тілек білдірушілерді ағылшын тілінде тілдесу клубының отырысына қатысып, әр түрлі тілде караокеде ән шырқап, «Лингоквест» ойынында үш тіл бойынша білімін көрсете алады;
  • * «Мафия» ойыны: детективтік сюжетті топтық-рөлдік ойын;
  • * Абонемент бөлімі өз оқырмандарына сағат 9.00-мен 22.00 аралығында қызмет көрсетеді.
  • * «Bilim ortalygy» еркін қарым-қатынас алаңы жұмыс жасайды.

Әр айдың үшінші жұмасында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін кітапхана күнделікті жұмыс кестесінен тыс барлық ниет білдірушілерге, сондай-ақ уақытты пайдалы өткізгісі келетіндерге өз есігін ашады.

Кітапхана кеші әсерлі кездесулерге, әдемі әуенге, қызықты кітаптарға және жағымды көңіл-күйге толы болады.

Бұл еркін отырыс! Біз Сіздерді күтеміз!