[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/bi_el_2020_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Елімізде 2007 жылдан басталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Н. В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы оқу орындарына барып, студенттермен жүздесіп қайтты.
Негізгі мақсат – жастардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Ана тілге құрметпен қарауға шақырып, оқу мәдениетін қолдау және дамыту болып табылады. Биылғы жылы шығыстың ғұлама ойшылы, әмбебап ғалым Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жалпы оқуға Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы таңдап алынған болатын.
{gallery}material/2020/gallery/bi_el_2020_1{/gallery}
Аталмыш акция аясында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері машина жасау колледжінде «Әл-Фараби мен Абайды білеміз бе?» атты танымдық сағат өткізді.
Аталмыш шараның мақсаты – Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен «Абай жолы» романын оқу және насихаттау, колледж студенттеріне қаламгерлердің мұраларын ұсына отырып, кітапханаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, екі феномен жайлы жан-жақты ақпарат берді.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы –қазақ халқының ұлттық танымының жиынтығы.
Ал, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романында әлемнің «екінші ұстазының» ғұмырнамалық тарихы жатыр.
Шарада қаламгерлердің ғұмырынан сыр шертетін презентация көрсетіліп, кітапхана қорындағы әдебиеттер көрме арқылы тыңдаушылар назарына ұсынылды. Колледж студенттері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы ертеде естіген аңыз-әңгімелерін еске түсірді. Сонымен қатар, жазушының көрмедегі «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Көксерек» шығармаларына да қызығушылықтарын танытты. Кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері – жас жүректердің қылын шерте білді. Соның дәлелі – аталмыш колледждің студенті Қуаныш Серікжанұлы мен Алмас Ерланұлының «Өлең сөздің патшасы», «Өлсе өлер, табиғат» атты өлеңін мәнерлеп оқулары болды. Сонымен бірге, колледждің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Әсем Төлеубайқызы танымдық шараның тәрбиелік мәні зор екендігіне тоқталып, осындай рухани шаралардың көп болуын тілге тиек етті.
Шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, естелік фотоға түсті.
Абонемент бөлімі