Қайратжан, айналайын асыл інім,

     Жаңғырттың бар қазаққа ғасыр үнің.

     Аққу-қаз айдын көлде саңқылындай,

    Сұлу саз, әсем әннің ғашығымын.....

                                                                                       Кәкімбек Салықов

 

Биыл өнер тұңған Жаңаарқа өңірінің тумасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, ұлағатты ұстаз, дарынды, дәстүрлі әнші, Жүсіпбек Елебековтың шәкірті Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың туғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орайкітапханамыздың Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Қазақ әнінің толағайы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

 көрмеде әншінің өнегелі өмірі туралы, туған жері Жаңаарқа және Арқа жерінің әншілік мектебі туралы әдебиеттерімен таныса аласыздар. Атап айтсақ «Айбозым» деп аталатын кітапта құрастырған А.Әлтаев, Е. Төлеутай және А. Нығызбайәншінің өмір жолы, шығармашылығы жайлы жан – жақты мәлімет беретін жазбалар топтастырылған. Жинақ - өнерсүйер көпшілік қауымға арналған. А.Жұмадильдинің «Жаңарқа» атты энциклопедиялық сипатта жазылған дерекнамасында, өнер дарыған ғажайып тұлғалы азаматтар өмірінен мол мағлұмат алуға болады. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші Қазақстанның халық әртісі Ж.Елебеков шәкірті Қайрат Әукенұлын Арқа дәстүрлі әншілер мектебінің Әміре мен Қалидың дәстүрін жалғастырып, соңынан шәкірт еткен. Өнертанушы Е.Төлеутайдың «Жүсіпбек Елебеков» атты кітабы халқымыздың ән өнерін, оның шығу тарихын білуге ұмтылған талапкерлерге арналған жинақ.

 Казіргі заманда ән айтатыңдар көп, ал әнді зерделеп нақышына келтіріп тамылжыта, халықтын жүрегіне жеткізіп айтатын әншілердің бірі ол - Қайрат Әукенұлы. Сондықтан да құрметті оқырмандар, қазақ дәстүрлі әнін зерттеп, орындап жүрген оқушылар мен студенттер, ән саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар, осы көрмедегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бетінен алған еңбектер біртуар әншінің өмір жолы туралы.

Сіздер қазақтың дәстүрлі ән өнері мен Қайрат Байбосыновтың бітім –болмысы, толағай талантының әр қырын тереңірек оқып білгілеріңіз келсе, қаламыздағы рухани ордамыз кітапханамызға келіңіздер.

 Кітап оқып, рухани бай болайық!   

Толығырақ