1. Ахметұлы І. Қазақ сөзіне тиісті деректер: зерттеу: (жазылып бітуі 25/XI-1934 ж.); құраст.: Ф. Ахметов, Б. Мұстафаев. - Алматы: Асыл Сөз, 2019. - 126 б.

 Ілияс Ахметұлы кім? Бұл кісі туралы не білеміз? Бұл сұраққа автордың «Қазақ» сөзіне тиісті деректер» атты еңбегінен оқи аласыздар. Бұл еңбекте автор ХХ ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы Ілияс Ахметұлы қазақ тарихына, "қазақ" сөзіне қатысты материалдарды өз бетінше жинақтап, зерттеу жүргізген. Еңбек 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр.

 

 

2. Майбас Т Мыңқыш: этнографиялық хикаяттар мен әңгімелер. - Алматы: Алматы-Болашақ, 2019. - 286 б.

Сізді этнографиялық хикаяттар қызықтыра ма? Ендеше жазушы - этнограф, өлкетанушы Төрехан Майбастың «Мыңқыш» кітабын оқиық. Бұл кітаптағы ұлттық қанық бояуымен суарылған этнографиялық әңгімелердің оқырмандарға берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана білген.

 

 

3. Боранбаев Ж. Тума талант - Саттар Ерубаев туралы сыр: тарихи-танымдық басылым. - Алматы: Білім, 2019. - 230 б.

 

Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңына мол мұра қалдырып кеткен қаламгер Саттар Ерубаевтың туған жері, ата-тегі, балалық шағы, өмір жолындағы ізденістер сияқты тартысқа толы қысқа ғұмыры туралы терең білгіңіз келе ме? Назарларыңызға «Тума талант» кітабын ұсынамыз. Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.

 

4. Сағынтай С. Көктемнің мөлдір тамшысы: әңгімелер мен хикаяттар. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019. - 113 б.

 

Қазіргі қазақ әдебиетінде түрлі жанрда қалам тербеп жүрген қарымды қаламгер, ақын Серік Сағынтайдың «Көктемнің мөлдір тамшысы» атты еңбегінде соңғы жылдары жазған суреткерлік шеберлігін жаңа бір қырынан танытқан әңгімелері мен хикаяттары топтастарылған.

Автордың шындыққа өте жанасымды көріністерді бере алған әңгімелері шынайлығымен тартымды оқылады. Адам баласын толғандырып отырған әлеуметтік мәселелер астарлы тілімен жеткізіледі. 

 

 

5. Тойбек Ж. Кеудеме көкала үйрек келіп қонса... [жинақ]. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019. - 84 б.

 

Ақын, журналист, Халықаралық «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Жұлдыз Тойбектің «Кеудемде көкала үйрек келіп қонса...» жыр жинағына жүректен шыққан жырлары топтастырылған. Отан, туған жер, махаббат, тіл т.б. тақырыптардағы өлеңдерін оқисыздар. Қазақ тілі туралы Жұлдыз былай толғанады:

 

Қазақ тілде – қазағымның қаны бар,

Қазақ тілде – қазағымның жаны бар!

Адам түгілі, айналаңа қарасаң,

Өз тілінде дыбыстайды жануар!