Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2019_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2019_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ең ұлы мерекеміз әрі елдігіміздің асқар тауы – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында

«Болашақтың тірегі мен ертеңі – Тәуелсіздік» атты Қарағанды қаласының көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен тарихи сағат ұйымдастырылды.

Шараға «Архитектура», «Дизайнер», «Дене шынықтыру және спорт» бөлімдерінің 1 курс студенттері қатысты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 28 жыл бұрын аса күрделі геосаяси жағдайда тәуелсіздікті жариялады. Тарихи сағатта дағдарыстар мен басқа да қауіп-қатерге қарамастан Мемлекет басшысы елімізді сеніммен алға бастап келгені айтылды.

«Артық жолдас таппадым татулықтан» деп халқымыздың ұлы перзенті, хакім Абай айтқандай, Қазақстан қоғамының ынтымағы мен бірлігі біздің мемлекеттігіміздің негізгі ұстанымына айналды. Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғырттық, экономикамызды өркендетіп, қуатты мемлекет қалыптастырдық. Қазақстанның биік белестерді бағындырып келе жатқан әр қадамы, табысы мен жеңісі –Тәуелсіздіктің арқасы. Студенттерге «Тәуелсіздіктің 28 жылындағы аса маңызды оқиғалары» бейне көрсетілімі ұсынылды. Аталмыш шараға арнайы дайындалған «Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құңдылығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

{gallery}material/2019_nezavisimost{/gallery}

Тарихи сағат барысында татулық пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен ырыстың ұясына айналған «ТӘУЕЛСІЗДІК» сөзін сөйлетті. Амангелді Диас, Бейсенбай Айсұлу, Жұмағалиев Мейремжан, Серікқалиева Аққу, Төлеухан Бейбіт, Берікбол Анарбек, Мұратбекова Аружан, Аманжол Бағлан, Сәмен Ақдидар, Әбдікаримова Назым, сынды студенттер әріптерге мәтін құрады:

Т - Тәуелсіз Елімнің азаматы болғанына мақтанамын;

Ә - Әнұранымызды әлем көгінде әуелеткен елміз;

У -Уыздай жас қыз-жігіттер Қазақстанның болашағы;

Е - Елдігіміздің ертеңі жарқын ұрпақпыз;

Л - Лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы;

С - Салтанаттың символы Арқа төсіне Елорда орнатқан жасампаз халықпыз;

І - Іздемпаз, ізетті жастарға Елбасымыз сенеді;

З - Зиялы адамдардан біз, жастар үлгі аламыз;

Д - Демократиялық бостандық жоқ жерде экономикалық бостандық болмайды;

І - Ісіне мығым азамат қайда болса да өз ісін дәлелдейді;

К - Келешегімізге көрсетілген құрмет келешегіміздің жарқын болуына жол ашады.

 

Шара соңында студенттерге кітапхана сайттары таныстырылып, тұрақты оқырман болуға шақырылды.

 

Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы А.Ж.Искакова.