Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_ekbasi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_ekbasi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өтпекші. Жеке адамның өмірі үшін елеулі болғанымен, мемлекет тарихы үшін қысқа мерзім саналатын осы уақыт ішінде еліміз шын мәнінде ғасырға бергісіз даму кезеңін артқа тастады. «Уақыттың негізгі өлшемі – бітірілген іс» - дейді дана халқымыз. Оқу залдары бөлімінің қызметкерлері 1 желтоқсан - тұңғыш Президент күні қарсаңында, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсідік жылдарында жүріп өткен жолын саралау, таныстыру мақсатында Қарағанды көпсалалы гуманитарлық техникалық колледж студеттерімен «Дәуірдің тұлғалық символы» тақырыбында әңгіме – диалог өткізді. Шараға «Архитектура», «Бастауыш білім», «Мектепке дейінгі білім» бөлімдерінің 1-2 курс студенттері қатысты.

{gallery}material/news/2019_ekbasi{/gallery}

Сұңғыла саясаткер, кемел ойлы, көреген басшы Елбасы жайлы әңгіме - диалогқа студенттер аса қызығушылықпен қатысып, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп отырды. Ең бастысы, бұл жылдар ішінде көпұлтты және көпдінді Қазақстан халқы үшін, тұрақтылық және татулық жағдайында өмір сүріп келе жатқан Отанымыз үшін, оның кемеңгер көсемі бола білген ұлт көшбасшысына деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Сондай – ақ, көрсетілген «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» айдарындағы слайд деректері де жастар талғамынан шықты. Шараға аса қызығушылықпен қатысқан 1 - курс студенттері Н.Айтжанова, А.Шүленбай, Г.Зейнелхан, А.Мұратбекова сияқты студенттерді аса ризашылықпен атап өтуге болады.Сонымен қатар, «Тұңғыш Президент» деп аталатын кроссворд, «Тұңғыш Президент жайлы не білеміз?» тақырыбында қойылған викторина сұрақтарына жауап беру барысында 2 - курс студенттері А.Жарқұлова, Л.Батырбек, Ж.Қалиевалар өз білімдерімен қуанта білді. Шараға арнайы дайындалған «Әлем таныған Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

Шара соңында студенттер кітапхананың сайтымен, көрсетілетін қызымет түрлерімен таныстырылып, тұрақты оқырман болуға шақырылды.

{gallery}material/news/2019_ekbasi1{/gallery}

 

Оқу залдары бөлімі кітапханашы К. Айтбаева.