Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_ac1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_ac1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Жалғасар ғұмыр ғұмырға,

Өлмейтін рухы болғасын.

Өлеңнің заңғар шыңында,

Баяғы Қасым-сол Қасым!

 Жаңа жас таланттарды және жастардың шығармашылық дарынын ашып, жаңа туындыларының жұртшылыққа жол табуына мүмкіндік беріп келе жатқан дәстүрлі Қасым Аманжолов оқуларының ІХ байқауы бүгін мәресіне жетті.

 «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты Республикалық IX Қасым оқуларына 16 мен 32 жас аралығындағы жастар арасында 2 аталым бойынша өткізілді. «Жас дәурен» аталымда қатысушылар Қасым Аманжоловтың әндерін шырқады. «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» аталымында ақынға арнаған және еркін тақырыптағы өлеңдерін ұсынған жастар қатысты.

Жалпы байқаудың өтуі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен бастау алып, бүгін де жоғары дәрежеде аталып өтті. Бұған дәлел, биылғы байқау қатысушыларының еліміздің түкпір-түкпірінен Қасым шығармашылығына қызығушылық танытып бас қосуы еді.

Атап айтсақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан (Семей қ.), Солтүстік Қазақстан (Қызылжар қ.), Түркістан (Отырар ауд.), Ақмола (Көкшетау қ.), Павлодар, Батыс Қазақстан (Орал қ.) облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 49 үміткер бақ сынады.

Шараның ашылу салтанаты 24 қазан күні дауылпаз ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, ары қарай «Шалқыма» концерт залында және Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас таланттарды іріктеумен жалғасты.

Биылғы жылдың Қасым оқуларының қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы (Нұр-Сұлтан қаласы) арнайы шақыртылды. Жалпы байқауға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Мәдениет және өнер ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету» бөлімінің басшысыАнар Есмағамбетова,Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай (қазылар алқасының төрағасы), «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының лауреаты, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпазы - Сержан Мұсайын және Қазақстанның мәдениет қайраткері, республикалық, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, Қ.Байжанов атындағы КБ әншісі Дәуренбек Әркенов қазылық етті.

Республикалық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі 25 қазан күні «Шалқыма» концерт залында өтті. Кеш «Қасым монологымен» ашылды. Көрерменнің көңіліне ерекше сезім ұялатқан Қасым жыры әлі де өз биігінен түспегенін  аңғардық.

Кеш барысында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев пен арнайы қонағымыз Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы жылы лебіздерін  білдірді.

Қасым ақынның жырын тек қазақ жұрты емес, өзге тілді қандас бауырларымызда жырлап жүргені көңіл қуантады. Осы кеште Қасымның өлеңдерін түрік, әзірбайжан, неміс және орыс тілдерінде бірлігі жарасқан Достық үйінің өнерпаздары нақышына келтіре оқыды.

Жас ұрпақты рухани құндылықтарға тәрбиелеп, өнерпаздар қатарын дарынды жаңа буын өкілдерімен толықтырып, шығармашылықтарына кеңінен жол ашу мақсатында «Qasym» сериясының II кітабының ресми таныстырылымы болды. Екінші мәрте жаңа сериямен жарық көріп отырған кітаптың құрастырушысы Жазушылар Одағының мүшесі Алмаз Мырзахмет жаңа туынды жайлы ой-пікірімен бөлісіп, бұл бастау жалғасын табатынын айтты. Жаңа кітапқа ақ жол тілеп ақын Д.Кәпұлы мен С.Сағынтай тұсауын кесті.

Қазылар алқасының талқысынан өтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан жүлдегерлер марапатталды

«Жас дәурен» аталымы бойынша жеңімпаздар:

 

Бас жүлде - Бөдесов Саян (Қарағанды облысы, Осакаров ауданы)

І орын - Сайдалин Нұрслан (Қарағанды қаласы)

ІІ орын  - Ұлдар квартеті (Қарағанды қаласы)

ІІІ орын  - Үйсінбаев Бақытжан (Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы)

Ынталандыру сыйлығы - Алпысбай Ерасыл (Петропавл қаласы)

 

«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» аталымы бойынша:

 

Бас жүлде – Қайырбек Салтанат (бүркеншік есімі Дирижер), Қарағанды қаласы.

І орын –  Бауыржан Ерман (бүркеншік есімі Әл-Фараби), Түркістан облысы, Отырар ауданы.

ІІ орын– Асылбек Март (бүркеншік есімі Бардам), Павлодар облысы, Ақсу қаласы.

ІІI орын– Бек Ықыласов (бүркеншік есімі Рашид), Қарағанды қаласы.

Ынталандыру сыйлығы - Мерсадықов Алтынбек (бүркеншік есімі Қыр баласы), Нұр-Сұлтан қаласы.{gallery}material/news/2019_ac1{/gallery}

Сонымен бірге басқада қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының, Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Жүректері жалынды, өр тұлғалы өрендеріміз бен жігерлі жастарымыз бар кезде Қасым рухы, хәм қазақ рухы қашанда биікте.