Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 24-25 қазан күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі ІХ Қасым Аманжолов оқулары өтеді. 

Биылғы жылғы Қасым оқулары 2 аталым бойынша жарияланды: «Жас дәурен» аталымында – Қасым Аманжоловтың әндерін шырқайтын жастар қатысу мүмкіндігіне ие болса,  «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» аталымында ақынға арнаған және еркін тақырыптағы барлығы 3 өлең ұсынған жастар қатысты.

Жалпы байқауда 16 мен 32 жас аралығындағы жастар бақтарын сынайды.

ІХ Қасым Аманжолов оқуларына Қарағанды, Шығыс Қазақстан (Семей қ.), Солтүстік Қазақстан (Қызылжар қ.), Түркістан (Отырар ауд.), Ақмола (Көкшетау қ.), Павлодар, Батыс Қазақстан (Орал қ.) облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 48 үміткерден өтінім түсті.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі ІХ Қасым Аманжолов оқуларының бағдарламасы

 

24 қазан 2019 жыл

10.00. – 10.30.

Қасым ескерткішіне гүл шоқтарын қою

Қасым ескерткіші орналасқан аллеяда (Сәкен даңғылының Кривогуз көшелері қиылысатын тұсында)

11.00 – 13.00

 

Дәстүрлі ІХ Қасым Аманжолов оқуларының «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» аталымы бойынша іріктеу

 Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК

(Ерубаев көшесі 44)

«Жас дәурен» - Қасым Аманжоловтың әндерін орындау бойынша іріктеу

Шалқыма концерт залы

(Костенко көш. 7)

13.00. – 14.30.

Түскі ас

«Чайка» мейрамханасы

15.00.- 18.00

Қасым оқулары бойынша іріктеудің жалғасы

Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК

(Ерубаев көшесі 44)

Шалқыма концерт залы

(Костенко көш. 7)

18.30 – 19.30.

Кешкі ас

«Чайка» мейрамханасы

25 қазан 2019 жыл

09.30. – 10.30

Экскурсия

Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейі

11.00. – 12.45.

Қорытынды финалды кеш, «Qasym» сериясының

II кітабының ресми тұсаукесері, салтанатты марапаттау рәсімі

Шалқыма концерт залы

(Костенко көш. 7)

13.00. – 14.30.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының қабылдауы

 

«Чайка» мейрамханасы

15.00. -17.00

Қатысушылардың қайтуы

 

Қосымша мәліметтерді мына телефон арқылы білуге болады
49-33-75; 87017763819; 87007763819

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева