Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/ashik_es3k_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/ashik_es3k_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Міне, бірнеше жыл қатарынан кітапхана оқу жылының басында жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларын Ашық есік күніне шақыра отырып, есігін айқара ашады. Сонымен қатар, Ашық есік күніне SMS-хабарламалар және әлеуметтік желілердегі афишалар арқылы қаланың барлық тұрғындары шақырылды. Кітап пен оқу жас талғамайтынын айта келе, бұл күні кітапханаға шын мәнінде барлық жастағы оқырмандар келді. Биыл аталмыш Акция Қарағанды қаласының 85 жылдығы мен Н.ВГоголь атындағы ОӘҒК-ның 85 жылдығына арналған болатын.

Үнемі қатаң тыныштық ұялаған кітапханамыз 15 қазан күні кітапхана дәліздерінен саудырап аққан өзен арнасындай белсенді жастармен шуылдап кетті. Шақырылған жастар бұл күні гид, имиджмейкерлер, маркетологтар, тіпті контент-менеджерлер рөлінде жүрген кітапханашыларды ұйып тыңдады.

Кітапхана бойынша саяхат заманауи кітапханалық трендтерге сәйкес «Нені, қалай табу қажеттігін білмейсің бе? Кітапханаға бар!» Библиоквестімен басталып, кітапхананың 85-жылдығы туралы ақпарат берілді. Қонақтар үшін «Менің кітапханам» блиц-сауалнамасы өткізілді.

Саяхатымыз «Кітапты бостандыққа жібер» Буккроссинг алаңында жалғасты. Кітапхана фойесінде барлық тілек білдірушілер үшін кітаптармен еркін алмасу ұйымдастырылды, әркім өзіне ұнаған кез-келген кітапты таңдай алды. Букроссингтің басты қағидасы қарапайым: «Өзің оқы да, өзгеге табыста».

Барлық тілек білдірушілер Балалар білім орталығындағы «Кітапханаға келудің 5 себебі» атты Instagram байқауына шақырылды. Нәтижесінде кітапхана достарының саны 54 адамға артты. Біз бұған өте қуаныштымыз және біздің жазылушыларымызға парақшамыздағы жазбаларды көшіріп алу арқылы кітапхана мен кітапқа қызығушылық танытуды ұсынамыз.

{gallery}material/news/ashik_es3k_1{/gallery}

Фойеде арнайы дайындалған стендте «Тілек білдіруге рұқсат етіңіз» атты газет-тақта ұйымдастырылды. Келушілер белсенді түрде кітапхана жұмысы бойынша өз құттықтауларын, тілектерін және ескертулерін қалдырды. Белгісіз студент жазған күн тілегі мынадай: «Бұл - кітапсүйер қауымға өте жайлы орын және кітаптардың сыр шертетін жері. Мен осы кітапханаға, кітапханашыларға толағай табыс тілеймін, оқырмандарыңыз үзілмесін». 

Биылғы жылы қызмет көрсету бөлімдері жастар аудиториясында үлкен қызығушылық тудырған шығармашылық ойлар мен тың идеяларды ұсынды:

Оқу залы «Күзгі көңіл-күй» атты фотоалаңын ұйымдастырды. Фотоға түсуге қызыққан жастар тез арада жиналып, кітапхана тарихында қалуға асықты. «Find a book» - кітап мұқабаларынан пазлдарды жинайтын әуесқойлар да аз емес болып шықты.

{gallery}material/news/ashik_es3k_3{/gallery}

Абонемент бөлімінің қызметкерлері «Тоуст-мастер» интеллектуалдық байқауын ұйымдастырды. Балалар аса қызығушылық таныта 5 минут ішінде кітаптарға қысқаша рецензия жасауға қатысты, кітаптың негізгі тақырыбын алғы сөзі немесе қорытынды сөзі бойынша анықтау, логикалық ойлау қабілеттерін көрсете отырып, мәтінмен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.

Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған «Өз өлкеңді танисың ба және «Менің қалам – Қарағанды» атты дәстүрлі викториналарды өлкетану және өнер бойынша әдебиет бөлімдері өткізді.

Халықаралық кітап бөлімінде география мен латын әліпбиін білушілерді анықтау мақсатында «Trivia game» ойыны ұйымдастырылды. Белгілі бір сурет көріністері арқылы елдің атауын анықтап, оны қазақ тілінде және латын қарпімен жазу қажет болды.

Ашық есік күні кітапхана қызметкерлері өздерінің кітап қорларын барынша толық ашуға тырысты. Балалар «Мәңгілік байлық: кітапхананың кітап қазынасынан»атты кітап көрмесінен сирек және құнды кітаптар қорының фолианттары мен сирек басылымдарын көріп таң қалысты.

{gallery}material/news/ashik_es3k_2{/gallery}

Осы күні кітапханаға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, «Болашақ» Академиясынан, «Фемида» заң институты, коммерциялық, гуманитарлық, индустриялық-техникалық және басқа да колледж студенттері, №15, 52, 97, 48 мектеп оқушылары, барлығы 700-ден астам адам келіп, Акцияға қатысты.

Бұдан басқа, Ашық есік күні «Кітаптарды кітапханаға қайтарыңыз» Акциясы жарияланды. 2019 жылдың 15 қазаны мен 15 қарашасы аралығында барлық оқырмандарға айыптаусыз және айыппұлсыз кітаптарды кітапханаға қайтару мүмкіндігі ұсынылады.

Кітапханамызға жазылған оқырмандардың басым бөлігі бізбен тек оқу жылдары ғана емес, ұзақ жылдар бойы кітапқа адал болып қалады деп үміттенеміз.