Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_elebekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_elebekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Бүгін кітапханамызда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың құрметіне бөленген, қазақ даласын әнмен тербеткен жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ж.Елебековтің 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Арқа әнінің алтын бәйтерегі» атты шығармашылық кеш өтті.

{gallery}material/news/2019_elebekov{/gallery}

 Шығармашылық кешімізге Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, журналистика ардагері Асқар Назипа Қожақызы және Жүсекеңнің көзін көрген, дәмдес болған бүгінде зейнеткерлікке шыққан Бұлқанов Астаби Бұлқанұлы қатысып әншінің ауылдарына келгендегі қызықты естеліктермен, өз көздерімен көріп естіген тың деректермен бөлісті. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктен Ж. Елебеков атындағы байқаудың лауреаты (2009ж), дәстүрлі әнші Медет Осатаев, әншінің репертуарларынан Біржан салдың «Жалғыз арша» және Ақан серінің «Майда қоңыр» әнін орындап көрермендерді бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар, қаламыздағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің домбырамен ән салу бөлімінің студенті Өмірғалы Мадияр (ұстазы - Ж.Елебеков атындағы ең алғашқы байқауының 1 орын иегері Сержан Мұсайын) қатысып, жас та болса, Арқа өңірі әншілерінің ізбасары ретіңде Мәдидің «Қаракесек» әнін нақышына келтіріп жоғары деңгейде орындады.

Жүсіпбек Елебековтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Кешке келген көпшілік қазақ радиосының алтын қорында сақталған әншінің қоңыр үнін тыңдай отырып, әншінің өнегелі өмірі мен тағлымды өнер жолынан құнды естеліктерге тәнті болды.

Кеш бағдарламасында қызықты викторина, әуезді ән, күмбірлі күй, әсерлі сұхбат болды.

Ерболат, Е. Әншіні дәріптеген кеш // Орталық Қазақстан. - 2019. - 15 қазан (№ 114)

Жетписбаева, А Хранитель традиций Арки [К 115-летию Жусупбека Елебекова] // Индустриальная Караганда. - 2019. - 17 окт.