Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Дені саудың – жаны сау. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған, әсіресе жастар арасында есірткіге тәуелділік мәселесі – ең үлкен мәселе! Сондықтан қоғамның басты мақсаты - осы «дертке» қарсы тұру! Ол үшін біздің күш біріктіруіміз қажет!
18 қыркүйек сағат 14.00-де Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарға арналған «Есірткісіз өмір ғажап» акциясы өтпек.
Акцияның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қоғамды осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресуге шақыру.
Акцияға: Қарағанды облысының полиция департаментінің есірткімен күрес басқармасы, Облыстық наркологиялық диспансер, Қазақстан Йога Академиясы, Қарағанды қаласының кёкусинкай каратэ-до үйірмесі, Қарағанды Жастар ресурстық орталығы және де колледж студенттері қатысады.
Құрметті достар! Егер сіздерді қоғамның осы мәселесі алаңдатса, акциямызға атсалысып, қонақ болуға шақырамыз!