Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_den_konstitustiy_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_den_konstitustiy_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітапхана мен Қарағанды облысының Статистика департаментінің ынтымақтастығының жалғасып келе жатқанына біршама жыл болды. Кітапхана алғаш рет Департамент қызметкерлерін "Оқырман Қарағанды – 1998" кітап жәрмеңкесіне шақырған болатын. Сенімді серіктестіктің арқасында, кітапхана қорына түрлі статистикалық жинақтар келіп түседі, ал кітапхана қызметкерлері өз кезегінде Статистика департаментінің алаңында көрме, шолулар және әңгімелесу секілді түрлі көшпелі іс-шаралар өткізуде.

29 тамызда оқу залдары бөлімінің кітапханашылары А.К. Исина және Т.А. Дроздова Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 24 жыл толуына арналған ақпараттық сағат өткізді. Департамент қызметкерлеріне презентация мен "Конституция – свобода нашего народа" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  • Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы.- Алматы, 2012
  • Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік дәуірі.- Алматы, 2017
  • Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері.- Алматы, 2012
  • Ерофеева И.В. Символы казахской государственности: позднее средневековье и новое время/ Жауапты ред: Т. И.Султанов.- Алматы, 2001

Мемлекетіміздің тарихи жолын көрсететін материалдар:

  • Азбанбаев М.А. Менің Қазақстаным.-Қарағанды, 2005
  • Ерофеева И.В. Символы казахской государственности: позднее средневековье и новое время/ Отв. ред. Т. И.Султанов.- Алматы, 2001
  • Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан / Е.К. Кубеев.- Қарағанды, 1998.
  • Шаймерденов Е.Ш. Государственные символы Республики Казахстан. - Алматы,2000
  • Шаймерденов Е.Ш. Елтаным. – Алматы, 2005
  • Шаймерденов Е.Ш. Государственный Гимн Республики Казахстан.- Алматы, 2008.

{gallery}material/news/2019_den_konstitustiy_1{/gallery}

Департамент қызметкерлеріне кітапханашы Айжан Капатаевна Исина мемлекетіміздің құрылу, даму мен нығаю кезеңдері туралы баяндады. Баяндауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары мен қолданыстағы Конституциясының құрылу тарихына ерекше назар аударылды. Өз сөзін А.Исина слайд арқылы көркемдеді.

Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбектері ұсынылды:

Кездесу соңында кітапханашы Татьяна Анатольевна Дроздова Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған сауалнама өткізді. Сұрақтар өте күрделі болды, дегенмен, Департамент қызметкерлері Қазақстан тарихын, Конституцияның қалыптасу кезеңдерін жақсы білетіндерін көрсетіп, көптеген сұрақтарға жауап берді.