2019 жылдың 13 маусым күні Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Жазғы Оқу қаласы» өзінің «есіктерін» ашады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әрдайым өзінің сервистік әрі ақпараттық қызметтер аясын кеңейтіп отырады. Соңғы жылдары кітапхана өзінің интернет-қызметтер аясын кеңейткен еді: құжаттарды электронды жеткізу және виртуалды ақпарат қызметімен қатар кітапхана сайтында жаңа қызметтер түрі пайда болды: кітапты онлайн ұзарту, онлайн қабылдау, жаңалықтардың RSS–лентасы, интерактивті сауалнама мен викториналар. Оқырмандар кітапхана қызметін «Қызмет сапасын бағалау» сервисі арқылы бағалай алады. Кітапханадағы шаралар жайлы ақпарат беру үшін СМС тарату мен әлеуметтік желілер кеңінен пайдаланылады.

Қала тұрғындары үшін «Кітапхана барлығы үшін ашық», «Гоголевкадағы» Кітапхана түні» ауқымды акциялар, флеш-мобтар, кітап фестивалдері және басқа да шаралар өткізілуде.

«Жазғы Оқу қаласы» жобасының мақсаты – кітап пен оқуға деген қоғамдық қызығушылықты ынталандыру, жастарды, егде адамдарды оқуға тарту, балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру. Жазғы Оқу қаласының ашылуы кітапхананы әлеуетті оқырманына барынша жақындатуға мүмкіндік береді, қала халқына оқу мен демалуға қолайлы мүмкіндік пен жағдай туғызады. Кез-келген адам оқу залының оқырманы бола алады. Жазғы оқу залының негізінде оқырмандарымыз бен кітап дүкендерінің ұсынған классикалық әдебиеттер, көпшілікке арналған кітаптар, мерзімді басылымдар.

Жазғы Оқу қаласы 1 қыркүйекке дейін аптаның екі күнінде, сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ға дейін жұмыс жасайды. Жазғы оқу залының келушілері ересектер де, балалар да бос уақыттарын таза ауада өткізіп, әдеби ойындар мен байқауларға белсенді қатыса алады. Алдағы жылдардағыдай жазғы Оқу қаласының оқырмандары өз үйлерінің кітапханасынан «Өзің оқы да, басқаға бер» буккроссингіне кітаптар әкеледі деп сенеміз.

Жазғы Оқу қаласы кітапханаға жаңа оқырман тартуға, кітапхананың мәдени, бос уақытты тиімді өткізуге арналған мекеме ретіндегі имиджін нығайтуға, оқымайтын әрі аз оқитын азаматтарды кітап оқуға тартуға үлкен мүмкіндік ашады.

2013 жылдан бері іске асып отырған бұл жоба кітапханаға жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етті, кітапхана қызметтері мен сервистеріне оқитын да, оқымайтын да халықтың назарын аударды.

2018 жылдың жазғы маусымының қорытындысының өзі-ақ айтып тұрғандай: Жазғы Оқу қаласының жұмыс жасаған уақыт аралығында оған 800-ден астам адам келген, 3 мыңға жуық әртүрлі басылым берілген.

Ағаштың көлеңкесінде әлемдік көркем әдебиеттің үздік үлгілерімен танысып, ерекше тұлғалардың өмірі жайлы көптеген қызықты деректер біліп, ғылыми-танымдық журналдар оқығысы келетін барша қауымды Жазғы Оқу қаласына шақырамыз.

Ғылыми хатшы  Пак В.И.

Тел.:56-74-64