Балалар қуана мектептен жүгіріп шықты, ал ата-ана болса қайтерлерін білмей қалды!

Ата-ананың алдында ата мен әже жұмыста болса, өздері де әлі демалысқа шыға қоймаса, баланың жазғы уақытын тиімді, қызықты, әсерлі болуы үшін қайтеміз деген сұрақ тұр.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері баланың бос уақытын толтырып, жаңа білім алуға, шығармашылық қиялдарға ерік беріп, білмегенді білуге, сүйікті журналдарын парақтауға көмектеседі. Біз әртүрлі жастағы балаларды кітапханада бос уақытын ерекше, қызықты әрі тиімді өткізуге шақырамыз.

Балақайлар, сендер үшін бос уақыттарыңның қызықты ғана емес, пайдалы өтуіне бағытталған әдеби саяхаттар, кітаптарды талқылау, әңгімелер, викториналар, ойындар өткізіледі. Жазғы демалыс уақытында біздің кітапхана балалар мен жасөспірімдерге арналған "Кітапханадағы жаз" жазғы бағдарламасын іске қосады.

Сендер үшін сурет салуды, өз қолдарыңмен заттар әзірлеуге, ашық хаттар жасауға, оюлар өрнектеп қиюға үйрететін шығармашылық алаңдар жұмыс жасайды, сондай-ақ ойын түрінде ағылшын тілін үйренуге үлкен мүмкіндік бар.

Сендер Қиял әлеміне қызықты саяхат жасап, халық ертегілерінің сиқырлы әлеміне еніп, байқаулар мен викториналар арқылы өз білімдеріңді тексере аласыңдар.

Биылғы жылы алғаш рет "Негештің алаңқайы" атты шығармашылық алаңы ұйымдастырылып, сендер осы алаңнан адам мен табиғаттың құпиясын біле аласыңдар.

Ерекше сабақтарды кітапханашылар жүргізеді. Еріктілермен жұмыс істеуді қуанышпен қолдаймыз.

Тағы бір жағымды жаңалық! 13 маусым күні сағат 11.00-де "Жазғы Оқу қаласы" өзінің жетінші маусымын ашады. Қала тұрғындары бұл жаңалықты ерекше күтеді. Олар ағаш көлеңкесінде кітап оқуды аңсайды, бойлары соған үйреніп қалды. Жазғы оқу залының келушілері ересектер де, балалар да бос уақыттарын таза ауада өткізіп, әдеби ойындар мен байқауларға белсенді қатысады. Алдағы жылдардағыдай біз жазғы Оқу қаласының оқырмандары өз үйлерінің кітапханасынан "Өзің оқы да, басқаға бер" буккроссингіне кітаптар әкеледі деп сенеміз.

Сонымен қатар, биылғы жылы "Жазғы Оқу қаласы" кітапхана алдындағы алаңда орналасатынын хабарлаймыз.

Кітапханадағы жаз – жалықтырмайды! Кітапханадағы  жаз – қызықты да танымды!