Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_aktsiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_aktsiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

"Бір ел – бір кітап" республикалық акция аясында таңдалған жыл кітаптарын оқырманға насихаттау – кітапханашының міндеті.

Осы тұрғыда  2019 жылдың 3-сәуір күні Қарағанды сән колледжінде және де 4-сәуір күні Фемида заң колледжінде аталмыш шара аясында жыл кітабы болып таңдалынған Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін насихаттау мақсатында "Шырақтай сәуле берген шығармасы" атты танымдық сағаттар ұйымдастырылды.

 

Аталмыш шараның мақсаты – Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін оқу және насихаттау, колледж студенттеріне қаламгерлердің мұраларын ұсына отырып, кітапханаға деген қызығушылығын одан әрі жоғарылату.

Әбіш Кекілбайұлының ойшылдығы мен білгірлігі, ізденіс еңбегі, саяси және мәдени өркенділігі, талдау және сараптау кәсібилігі оның өмірге деген көзқарасын айшықтап, айтар ойынан биік арман желісі аңғарылып тұрады. "Аңыздың ақыры" романы бұрын жазғандарынан сыры да, сипаты да мүлде бөлек. Роман бастан-аяқ ойға, толғанысқа толы, философиялық шығарма.

Ал, Әбділда Тәжібаевтың саналы ғұмыры қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қалтқысыз қызмет жасауға арналды. Оның жалынды да сыршыл поэзиясы бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын отансүйгіштікке ізгілікке, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеуде өлшеусіз қызмет атқарып келеді.

{gallery}material/news/2019_aktsiya{/gallery}

Шара барысында студенттердің назарына шоқтығы биік тұлғалардың шығармашылығы мен олар жайлы жазылған еңбектерден тұратын кітап көрмесі ұсынылып, сондай-ақ, қаламгерлердің ғұмырбаяны мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін презентация мен бейне роликтер көрсетілді. Студенттер кітапханамызда алдағы уақытта өтетін "Кітапхана. Оқу. Жастар" атты акциядан хабардар болып, сауалнамаларға жауап берді.

Абонемент бөлімінің сектор басшысы
Ахмадиева А.С.