"Тілдарын" облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 19 сәуірде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  "Тілдарын" байқауын өткізеді.

Өткізілу  мақсаты мен міндеттері:

- үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;

- тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;

- қазақстандық патриотизмді нығайту;

- жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

 Шарттары:

Байқауға  18-22  жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Байқауға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1) экранда көрсетілген мәтін, картина немесе видеоның мазмұнын толық ашу (қазақ, орыс және ағылшын тілінде);

2) мәтінге ілеспе аударма жасау (берілген мәтіннің тіліне байланысты қалған екі тілге);

3) тыңдалым (ҚАЗТЕСТ жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындау);

4) тапсырылған тақырып бойынша  қазақ тілінде эссе жазу (берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі);

Үміткерлерді бағалау кезінде:

1.жазу сауаттылығы мен дұрыс айтылуына;

2.тілдерді меңгеру деңгейіне;

3.жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне  назар аударылады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғысхат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Облыстық конкурстың жүлдегері республикалық "Тілдарын" байқауына Қарағанды облысының атынан қатысады.      

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі 2019 жылғы 15 сәуірге дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 567084 - ф.

Аты-жөні(толық)

Туған жылы, айы, күні

Жұмыс немесе  оқу орны

Байланыс

телефондары