"Өшпес ерлік" атты облыстық жыр мүшәйрасы Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойларына арналып өткізіледі.
Облыстық жыр мүшәйрасының Ережесі
Нүркен Әбдіров (1919-1942)
Нүркен Әбдіров 1919 жылы Қарқаралы өңірінде №5 (қазіргі Нүркен атындағы) ауылда туды. 1938 жылы №1 шахтада кітапханашы болып жұмыс істеді. 1938 жылы 25 шілдеде Қарағанды облыстық прокуратурада қызмет атқара жүріп, әуе клубында ұшқыш мамандығын алады, ал 1939 жылғы 21 тамызда халықтық тергеуші маманына ауысты. 1940 жылдың ақпанында әскер қатарына шақырылды. Соғыс басталғанда ол Орынбор қаласының авиаучилищесінде оқитын.
16 рет әуеге көтеріліп, Н.Әбдіров фашистердің 12 танкісін, 28 жүк тиелген әскери машинасын, 18 керуенді және 3 жанармай цистернасын, 3 жау атыс ұяларын жойып жіберді.
1942 жылғы желтоқсанның 19-да ақырғы сапарында Н.Әбдіров және серігі атқыш-радист Александр Комиссаров екеуі Боков-Пономаревка станциясы маңайында жаудың 6 танкісін, 3 атыс ұяларын, көптеген әскерлерін жойып жіберді. Ұшаққа жау оғы тиіп, өртене бастағанда, Нүркен ұшақты фашист танкілері шоғырланған бетке қарай бұрды. Осылай екеуі құлаған жерде қаншама жауды қырып ала кетті.
Осы ерлігі үшін Н.Әбдіровке 1943 жылы наурыздың 31-де КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазбек Бейсенұлы Нұржанов (1919-1945)
Қазбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылы Қарағанды (Жезқазған) облысы Ақтоғай ауылында туған. Әскерге 1939 жылы шақырылған. Шені - аға сержант. Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 5-ші атқыштар дивизиясы 61-ші истребитель дивизионының барлаушылар взводы командирі аға сержант Нұржанов Ұлы Отан соғысына 1942 жылы қатысты. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен ұрыспен өтті. Ержүрек шабуылдаушы Қазбек жаяу әскерді өзімен ерте Волковскіге бірінші болып кірді.
Көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен К.Б.Нұржановқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.