Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_uchebnik_kraevedenie is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_uchebnik_kraevedenie is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қарағанды облыстық кітапхананың жұмысы күнделікті ақпараттың және жаңалық­тың алаңы ретінде оқырмандарға қалтқысыз қыз­мет ету аясын кеңейту жолдарын іздес­тіріп, әрбір қазақстандық азамат­тың рухани өсуіне мол үлес қосып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай еңбек етуде. Сондай жұмыстардың жалғасы ретінде кітапханада "Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген "Рухани жаңғыру" кешенді бағдарламасының жалғасы деп білеміз.

Бұл кездесудің мақсаты – өңіріміздің тарихынан, мәдениетінен, ғылымынан, табиғатынан сыр шертетін ерекше басылымдармен оқырман қауымды таныстыру және жергілікті авторлардың еңбектері арқылы жастардың шығармашылық танымдарын толықтыру.

Шара барысында Жезқазған, Балқаш қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелері онлайн байланыста болды.

"Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Н.А. Бейсенбекова Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының әр бөлімін сараптай отырып, қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатқандығын, мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытуда қызмет ету керектігіне тоқталды. Тарихшы сөз соңында "Тарихын, ең бірінші, өзінің туып өскен өлкесінің тарихын білуге құштар, оны жетік білген ұрпақты көру біз үшін бақыт" - деді.

{gallery}material/news/2019_uchebnik_kraevedenie{/gallery}

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің деканы, тарих ғылымының кандидаты, доцент Г.М. Смағұлова, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Л.Қ. Шотбакова оқырман қауымға "Өнегелі өмір" сериясымен жарық көрген Қарағанды ғалымдарына арналған естелік кітаптардың, "Алаш қозғалысының тарихы" атты жаңа кітаптың мазмұнымен таныстырды. Бұл еңбектер мектеп бағдарламасында қосалқы пәндер ретінде пайдалануда зор септігін тигізері сөзсіз. Аталмыш еңбектер негізінен тұлғалардың өмірі, ғалымдық жолдары мен ғылыми ізденістері жайында жазылған толғанысты ойларды қамтиды.

Кездесу барысында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының бірлесе құрастыруымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 5-7 сынып оқушыларына арналған "Өлкетану"-"Краеведение" оқулықтарының таныстырылымы өтті. 2018 жылы 30000 данамен жарық көрген бұл туынды Еуразия халықаралық көрмесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

{gallery}material/news/2019_uchebnik_kraevedenie1{/gallery}

Бұл оқулық туралы ҚОББ ДОӘО мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бойынша директордың орынбасары Б.Х. Әбдікерова кеңінен баяндап берді. Өз сөзінде "Бұлоқулықты жас жеткіншектер санасына тарихи патриотизмді сіңіру үшін құрастырдық. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені, жер атауының аңыз-әңгімелері, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері туралы жас ұрпақ біліп өсуі тиіс" - деді.

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында "жауынгерлік өнердің өмірі – батырлық, ал өзегі – аңшылық пен саятшылық" делінген. Осыған орай, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қолдауымен онлайн байланыс арқылы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, "Құрмет" орденінің иегері Б.Т. Мырзабековтың 2018 жылы жарық көрген "Аңшының әңгімелері" атты еңбегін осы шара аясында таныстыру орайы түсті.

Аңшы және аңшылықтың қыр-сыры мен өзіне тән қағидалары жайлы бейнелі, көркем тілмен баяндалған шығарма туралы кітап авторы кеңінен тарқатып айтып берді. Кітапқа кәсіпқой және әуесқой аңшылар жайлы әңгімелер мен ой-толғаулар енген. 

Кітап туралы, автор жайлы Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілтану" оқу-әдістемелік орталығы" КММ директоры, ақын, ф.ғ.к., доцент Ғ.Е. Ештанаев, Жезқазған тарихи археология музейінің тарих және археология бөлімінің басшысы Қ.Ж. Әуезов өз пікірлерімен бөлісті.

Кітапханаға кітапты үлкен жүректі, кітапхананың тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды. Осы кездесудің нәтижесінде кітап қорымыз баға жетпес сыйлыққа кенелді.  "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығы әр тақырыпты қамтитын 20 дана кітапты сыйлады. Алғысымыз шексіз!

Дөңгелек үстелдің соңында жылы лебіздер айтылып, қатысқан көпшілік бұл бастаманы басқа авторлар да жалғастырады деген сеніммен тарады.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева