Кітапханамыздың жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 11-қаңтар күні өнер туралы әдебиеттер және абонемент бөлімдері мен мерзімді басылымдар секторы кітапханашылары педагогика, білім беру саласындағы жаңалықтар, білім берудің жаңа сапасы мен жаңа технологиялардың тиімділігін насихаттайтын мерзімді басылымдар мен жаңа түскен кітаптарды таныстыру мақсатында Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінде "Aqparattyq burylys=Информационный перекресток" аттыақпарат күнін өткізді. Танымдық бағытта өткізілген бұл шараға колледж мұғалімдері қатысты.
Ақпараттық сағатта өнер, педагогика, психология, тарих және гуманитарлық бағыттағы пәндерге арналған әдебиеттер мен басылымдар таныстырылды. Қазіргі уақыт талабы мұғалімдерден үздіксіз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан басталып, тәжірибе тұрғысынан шыңдала түсетіндіктен мұғалімдер қауымы шығармашылық ізденістерді насихаттайтын басылымдардағы материалдарға қызығушылық танытты.
Кітапхана қорынан таныстырылған: Б.С. Рачина, "Технологии и методика обучение музыке в общеобразовательной школе", Л. Березовчук "Самоучитель элементарной теории музыки", Лихачева Ю., "Программа по балалайке", Бернстайн С., "20 уроков клавиатурной хореографии" кітаптарымен қоса "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да", "Современное образование в школе, колледже и ВУЗ-е", "Школьные технологии", "Туған тіл", "Психология Қазақстан мектебінде" т.б. журналдарындағы оқытудың жаңа мазмұнымен жұмыс жасауға, оқушының өзін ізденуге жетелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, бала білімін ұштауға мүмкіндік беретін технологиялар түрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Кітап көрмесіне қызығушылық танытқан қаламыздағы өнер майталмандары, колледжұстаздары: Сутюшев М., сазгер, Қарағанды қаласындағы композиторлар одағының басшысы, Шоқанбаев Ә.Ж, Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрдің дирижеры алғыс айтып одан әрі шығармашылығымыздың сабақтасуына тілектестігін білдірді.
Ақпарат күні барысында болашақ мұғалімдерге "Қазақстан тарихы: История Казахстан әдістемелік журналдары", "Қазақ тарихы ", "Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО да оқыту", "Русский язык в школах и вузах Казахстана", "Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл", "Тіл және қоғам", "Биология және салауаттылық негізі" ғылыми – педагогикалық журналдары таныстырылып, екі тілде шығатындығы айтылды. Мұғалімдер өздерін қызықтыратын сауалдарға жауаптар алды. Сонымен қатар басылымдар соңындағы сайттарға өз мақалалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынуға болатындығы ескертілді.
Кітапхана қызметкерлері кітапханамыздың жұмыс кестесі, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері, кітапхананың ресми сайты karlib.kz, және АРТ- портал бөліміндегі жаңадан келген әдебиеттер мен өтетін шаралар туралы мәлімет берілді.