Қараша айында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысының Статистика департаментінде және Қорғаныс ісінің әскери департаментінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елбасымен Тәуелсіз Қазақстан" атты ақпараттық сағаты өткізілді.
Қарағанды облыстық Қорғаныс ісінің әскери департаментінің қызметкерлерімен өткізілген шарада Ұлы Даланың тарихына айналған Елбасы туралы тың деректер мен тарихи уақытта жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз, құндылықтарымыз жайлы ақпарат берілді.
Елбасы күніне арнайы ұйымдастырылған "Егемен елдің кемеңгер басшысы" атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, кітапхана қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен ол туралы жазылған кітаптарды көпшілікке таныстыра отырып, мерзімді басылым беттерінде жарияланған тақырыпқа қатысты мақалаларды да назардан тыс қалдырмады.
Статистика департаменті қызметкерлеріне Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі, жарық көрген еңбектері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі викториналық сұрақтар қойылды. Сұраққа дұрыс жауап беріп, белсенділік танытқан қызметкерлер сый-сияпаттарға ие болды.
Мемлекет басшысының 21 қараша күні "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы бойынша өзара пікір алмасып, мақаланы қолдайтындықтарын жеткізді. "Тамырсыз тал болмайды, Тарихсыз ел болмайды – деп келетін мақал мемлекет басшысының "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай" деп пікірлерін білдірді.
Мекемелерде өткізілген іс-шара соңында әннен шашу шашылып, Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайында бейнеролик көрсетілді.
Құрметі оқырман, кітапхана өздеріңізді тек ақпараттандырып қана қоймай, қызықты мерекелік шаралармен де таныстыруға әрқашан дайын. Кітапхана оқырманы болуға асығыңыздар!
Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.