Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kuanyshbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kuanyshbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қараша айының 22 - жұлдызында сағат 11.00-де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, "Ұлттық сахна өнерінің дарабозы" атты шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кешіміздің шымылдығын кітапхана басшысы Аманжолова Дина Базарбайқызы ашты. Кеш қонақтары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К.Н. Жұмабеков, Қарқаралы ауданына қарасты Қ. Қуанышбаев атындағы музейдің қызметкері А.А.Қасымов және  қаламыздағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің  студенттері қатысты.

Жиналғандар назарына Қалибек Қуанышбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге жазушы Т. Жұртбайдың әр жылдары сериямен басылып шыққан "Қалибек Қуанышбаев" деректі повестері мен хикаяттары қойылды. Сонымен қатар, актердің көзі тірісінде яғни, 1962 жылы шыққан "Шаншарлар" атты кітабы бүгінгі көрмеміздің бойтұмарындай болды. "Қазақстан театрлары", "Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры", Ә. Сығайдың "Таңғажайып театр", "Театр тағылымы", "Актер әлемі" кітаптары мен көптеген мерзімді басылымдар бетіне жарияланған мақалалары көпшілікке таныстырылды.

{gallery}material/news/2018_kuanyshbaev{/gallery}

Кеңес Нарымбайұлы Қалекеннің көзін көрген, ойнаған рөлдерінен өзіне мол тәжірибе жинап, көргенін, білгенін көңілге түйген мықты актер. Қалекең жайлы сырлы да әсерлі әңгіменің майын тамыза айтқанда залда отырған жастар ризашылық танытып, актерге деген жылы лебіздерін білдірді.

Кеш барысында Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті, бірнеше Республикалық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Нұрболат Ұзақбай Қасым Аманжоловтың "Ақсәулесі" мен М. Мақатаевтың "Қазағым-ай" әндерінен шашу шашып көрермен көзайымына айналды.

Сонымен қатар, бұл кеште ұлы актердің театрдағы және кинодағы сомдаған рольдері, замандастарының ол туралы  естеліктерінен сыр шертетін "Бүгін Қалибек туған күн" атты деректі  фильмі көрсетілді.

Адамдар өміріндегі театрдың алатын орны ауқымды да мазмұнды. Ал сол театр ішіндегі актерлердің сахнадан бөлек әлемі, күй жайы, тіпті бүгінде естелік болып қалған киім-кешектері мен фото суреттері қай қайсымызды болса да қызықтырары сөзсіз. Кеш барысында актердің кіндік қаны тамған ауылдасы М. Мамыраев ауылындағы Қ. Қуанышбаев атындағы музейдің қызметкері Қасымов Асхат Амантайұлы киелі Қарқаралы топырағынан актер жайлы құнды жәдігерлер мен әдемі естеліктерді ат терлетіп алып келіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Экспонаттар туралы айтқанда көз қуанып, көңіл марқайғаны рас.

{gallery}material/news/2018_kuanyshbaev1{/gallery}

"Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?! – деп кемеңгер Абай айтқандай, Қалекеннің қалдырып кеткен өнер үлгісі ешқашан өлмейді де, ескірмейді. Оның ұстаздық етіп, үйреткен сахна шеберлігінің артында қалған ізбасар-шәкірттері үнемі есінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа тарата беретіндіктеріне кәміл сенеміз!