Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_gromkie_chteniya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_gromkie_chteniya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 14 қарашасында қазақ, орыс тілдерінде "Дауыстап оқу" акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның  кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылықтарын ояту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, интеллектуалды дәрежесін дамыту болатын.

Жұртшылықтың таңдауымен алынған бұл Акция жерлес дауылпаз ақын, қарымды қаламгер-жазушы,қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" романына арналған болатын. "Тар жол, тайғақ кешу" бір жағынан тарих, екінші жағынан – саяси сауат ашқыш, үшінші жағынан – оқушыны өзіне  еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма," - деп Сәбит Мұқанов  дәл тауып  айтқан.

Бұл роман - Сәкен  прозасының биік шыңы. Сәкен – қазақ әдебиетінің бар жанрында алғаш рет күрделі шығармалар ұсынған батыл суреткер.

Романның алғашқы "Революцияның алдыңғы жылы – 1916 жыл" және Атаман Анненковтың "Азап вагонында" тарауларын  көпсалалы гуманитарлық–техникалық колледжі, Қарағанды гуманитарлық колледжі мен "Болашақ" колледжінің студенттері  мәнерлеп оқып, ұстаздарымен бірге  өз ой-пікірлерімен бөлісті.

{gallery}material/news/2018_gromkie_chteniya1{/gallery}

Студенттер романды оқып, аяқтайтындарын айтып, өтілген шараға ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар аталмыш шараға Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы Жезқазған және Приозерск қалаларының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы қосылды.