5 қараша күні №92 гимназия ұстаздарына "Отансүйгіштік пен білімділік – моральдық құндылық" тақырыбында абонемент бөлімі мен мерзімді басылымдар секторы кітапханашылары ақпараттық сағат өткізді. Кітаптар мен журналдардан көрме ұсынды. Ұстаздар қауымын екінші тоқсанның басталуымен құттықтап, "Ұлт тарихындағы ұлы белес"атты кітаппен және Иманғалиев Есенғазының "Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері", Жұбанова Мүслиманың "Ұлттық тәрбие тағылымы", Сақтағанов Балабектің "Әскери педагогика", Аманжолов Керейханның "Қазақстанның әскери тарихы" атты еңбектері жайлы айта келіп, пән мұғалімдеріне "Әдістеме әлемінде", "Тәрбие жұмысы әдістемесі", "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі", "Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі" кітаптарын қарап шығуды өтінді. Сонымен қатар биылғы жылғы "Бір ел – бір кітап" акциясына тоқталып, Шәкәрім шығармашылығы жайлы айтып, Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" және Н.Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" шығармаларын оқуға шақырды .
Мерзімді басылымдар секторы ұстаздар үшін қажетті басылымдардан көрме жасап, насихаттаумен қатар Елбасымыздың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауы жайлы түсіндіріп өтті.
Президент осы уақытқа дейін халыққа 23 Жолдау жолдады. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – білім мен денсаулық саласына ерекше көңіл бөліп, "Педагог мәртебесі туралы" заңды қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасауы болды. Жолдаудың "Тұрмыс сапасын арттыру" бөліміне арнайы тоқталып өтті. Ұстаздарға кітапхана жайлы үлестірме таратпалар үлестіріп, кітапхана оқырманы болуға шақырды.
Кітапханашылар: Ахмадиева А.С., Айтбаева К.Т.