Қараша айы да келіп жетті. Қарашаның жаңбырлы, салқын күндері бітпестей көрінеді. Осындай күздің көңілсіз күндерінде не істеуге болады? Оның шешімі – кітап оқу! Кітапханаға келіңіздер. Мерейтой даталарына немесе мерекелерге арналған керемет іс-шаралардың куәгері немесе қатысушысы болыңыз. Қызығушылықтарыңыз бойынша біздің клубтарда бос уақытыңызды пайдалы өткізе отырып, жаңа достар табуға мүмкіндігіңіз болады. Ал, көп уақыттан бері оқығыңыз келген кітабыңыз сіздің жаныңызға ем болады деген сенімдеміз.