Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_onlayn_konferenciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_onlayn_konferenciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Облыстық кітапханалар арасындағы ынтымақтастық, өзара байланыс жылдан жылға артып келе жатқаны 26 қазан күні өткен іс-шара тағы бір дәлелдеді.

Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары белгілі қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 120 жылдық мерейтойына арналған "Халқының ардақты ұлы" тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Бірлесе көтерген жүк жеңіл дегендей, бұл іс-шара ғалымдар, өлкетанушылар, кітапханашылардың ұжымдаса атқарған еңбектерінің үлесі мол болды.

Өткізілген онлайн  жүздесудің негізгі мақсаты Ж. Сәдуақасовтың бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған тың бастамаларын, ұлттық идеяларын насихаттау және зерттеу болып табылады.

С. Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлескен іс-шарада қоғам қайраткері  Ж. Сәдуақасовтың атқарған қызметтері мен еңбектері жайында сөз қозғалды.

Шара барысында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Өлке тарихы"  ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі А.С. Ертеміров, Республикалық "Қаһарман" қорының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, өлкетанушы  Б.Б. Мырзабай: Ж. Сәдуақасов қандай лауазымды қызметтер атқарып,қай саланы басқарса да өзінің адамгершілік қасиеттерін, қарапайымдылығымен мен ізеттілігі жайында баяндады. Келесі сөз кезегін алған, тарихшы ғалым, өлкетанушы Т.Т. Аршабеков баяндамасында Ж. Сәдуақасовтың еңбектері мен саяси көзқарастары жайында айтты.

Сонымен қатар іс шараның құрметті қонақтары Ж. Сәдуақсовтың інілері Сәдуақасов Құрман мен Сәдуақасов Әдісағит және Ж.Сәдуақасотың келіні Бағила Ералиева өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Ж. Сәдуақасов 1898 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен елді мекенінде дүниеге келген. Кейін Ақмола, Омбыда білім алады.

Ж. Сәдуақасов жауапты қызметі 1922 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы болып тағайындалуынан басталады. Осы қызметте мемлекеттік маңызды мәселелерді шешумен бірге қатар заңнамалық күші бар қаулылар мен ережелер әзірлеуге қатысады.  "Қазақ тілін іс жүргізуге енгізі жөніндегі Орталық Комиссияға" төрағалық етеді.

Бұл іс шарада туған інісі Сәдуақасов Құрман ағасы жайында естеліктерін айтты. Репрессияға ұшыраған Ж. Сәдуақасовтың әйелін Алжир әйелдер колониясына айдаған болатын. Бірақ 1957 жылы адал қызмет жасады деп, Ж. Сәдуақасовты ақтап шығады. Осыған байланысты  інісі Сәдуақасов Құрман 1960-1970 жылдар аралағында ағасы Ж. Сәдуақасовтың артынан қалған ұрпақтарына іздеу салып, нәтижесінде жеңгесі Елизавета мен Жанайдардан қалған  ұлы Рүстемді Ташкент қаласынан тауып алады. Ұлы Рүстем сол жылдары Бішкек қаласында білім алып жүрген екен. Туыстарымен қауышқан Құрман ата елге шақырып, Ж. Садуақасовтың артынан қалған жалғыз ұрпағын үлкен шаттықпен күтіп алған екен.

{gallery}material/news/2018_onlayn_konferenciya{/gallery}

Бұл конференцияда көптеген мәселелер қозғалды. Ж. Садуақасовтың басшылық қабілеті мен табиғи таланты оны жиырманың бел ортасында-ақ ірі саясаткер ретінде танытып, кезекті сатысында басылымдарының санын арттыруда елеулі жұмыстар атқарғаны жайында баяндалды.

Шын мәнінде, Жанайдар барша қазақ жастарына шынайы отансүйгіштің, білімділік пен біліктіліктің, қажыр-қайраттың, адалдық пен азаматтықтың нағыз үлгісі болатын тұлға. Сол себепті де, өмірінің соңына дейін халқына адал қызмет еткен Жанайдар Сәдуақасов Қазақстан тарихынан лайықты бағасын алуы тиіс.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы М. Рахметаева