Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Қазақ елі төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп – өркендеу жолына түсті.
XX ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, "тар жол тайғақ кешкен" қиын кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауымен 1997 жылдың 5 сәуірінен бастап "31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні" болып ресми бекітілген болатын.
Саяси құрбандарды еске алу күні қарсаңында кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде "Тарихтағы трагедиялық беттер" атты кітап экспозициясы ұйымдастырылды.Осы экспозиция аясында (Сонымен қатар), XX ғасырдың басындағы кеңестік жүйенің орнауына алғышарт болған революционер – коммунист Шәбден Ералиевтің туғанына 120 жыл толуына орай "Тамыры берік тұлға" тақырыбындағы кітап көрмесі сөреден орын алды.
Кітап көрмесінің мақсаты - халқымыздың қуғын – сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта болашақ ұрпақ санасына қалыптастыра отырып, кітапхана қорындағы бай кітаптардың өз оқырмандарын табуына үлесімізді қосу.
Кітап көрмесінде орналасқан "Тарихи тұлғалар" деп аталатын кітап Қазақстанның 20 – ғасырдағы саяси – қоғамдық өмірінің өзекті мәселелерін, көрнекті алаш ардагерлерінің өмірі мен қызметтері жайында баяндайды. Д.А. Шаймуханов "Карлаг", В. Могильницкий "Звезды Гулага" атты кітаптарында жалған айыппен халқымыздың миллиондағы азаматтары жайында айтылады.
Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. КСРО халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы мамырдағы қаулысы бойынша құрылған. Патшалық Ресейді "халықтар түрмесі" деген большевиктер билікті тартып алған соң КСРО алып империясын миллиондардың тозағына айналдырды.1930 жылдан 1953 жылға дейін котрреволюциялық қызметі үшін айыпталғандардың қатары 3 млн 778 мың 254 адам деп көрсетіледі. Солардың бәрі қара жұмысқа жегілді, азаптан көз жұмды, 788 мыңы атылды. Карлагта Отанын сатқандардың әйелдері 12 мыңнан асып түсті. Түрмеде көрнекті қайраткерлер, халық әртістері, жазушылар да болған.
Жазықсыздан жазаланған тағдырлар туралы Қ.Сәрсекеевтің "Отыз жетінші жыл"атты кітап сол қаралы – 1937 жылдың ащы шындығын айғақтайтын, азапты жылдар құрбандарының асыл рухына бағыштайтын жазушының төл туындысын атар едік.
Сондай-ақ, кітап көрмесінде мерзімді басылым беттерінде жарыққа шыққан құрбандарымыздың тарихта қалдырған мол мұралары туралы мақалалары орналасты.
Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдерді шынайы бейнелейтін "Страницы трагических судеб" атты кітабынан оқи аласыздар.
Саяси тұлға ретінде елі мен халқы үшін аянбай еңбек еткен. 1928 жылы қызметін атқару үстінде Кеңес өкіметінің жауларының қолынан қаза тапты. "Тамыры берік тұлға" атты кітап көрмесінде жеке шығармасына байланысты "Тарих толқынындағы тағдыр" атты, тағдыры сан тарау, сан сала, заманның ұлы болғанымен, сұм саясат "құлына" айналған азаматымызды соңында құрдымға жібергені жайлы жазылған.Бұл кітапта Ш.Ералиевтың өмірі мен қызметі арқылы, ұрпақтар сабақтастығына қатысты әңгіме өрбиді. Қазіргі таңда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында Ералиев.Ш. атымен аталатын ауыл мен көше аты бар.
Қадамын анық басып, "Мәңгілік Елдің" іргесін қалаған Қазақстанның болашағы баянды болатыны сөзсіз. Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың тақсіретті беттерін ешқашан ұмытпайтын боламыз.
Қадірлі оқырман қауым сіздерді тарихтың беттерінде қалған ойлы оқиғаларды оқып, білуге шақырамыз.
Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.