Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу мақсатында өткізілетін іс-шара. Жыл сайын Денсаулық күні ерекше назар аударылатын, нақты бір жаһанды проблемаға арналады. Биылғы жылдың дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы – "Денсаулық сақтау жалпыға ортақ қызметтерін қамту: Барлық жерде барлығы үшін. Яғни, Лозунг – "Денсаулық барлығы үшін" деп аталды. 7 - сәуір дүниежүзілік денсаулық күні бастау алып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде денсаулыққа қол жеткізу жолында күресу іс-шаралары өткізіледі.
Осы керемет дүниенің құндылығы болатын, денсаулық күніне арналған кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде "Денсаулық - менің байлығым" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде медицина, спорт салаларына қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар ұсынылды. Бұл материалдар салауатты өмір салтын ұстанудың жолын көрсетіп, халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату жайында мағлұматтар береді.
Мысалға, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" аталатын еңбек әртүрлі аурулардың алдын-алу шаралары көрсетілсе, "Балалар әдебиеті" баспасынан жарыққа шыққан "Денсаулық энциклопедиясы" атты кітап сіздің өз ағзаңызды тануға, оның құпия сырларын ашып, оған не қажет екенін білуге көмектеседі. Ал, "Ізгілікке ізет" кітабында Ұлттық медициналық холдингінің емханаларында емделіп шыққан балалардың ата-аналарының алғыс хаттары ұсынылып, медициналық қызметтер хабар беретін суреттер жарияланған.
Құрметті оқырмандар, сіздер кітапхана қорындағы денсаулық сақтау саласы бойынша дертке дауа, жанға шипа көрсететін кітаптарды оқи аласыздар! Кітап оқу да денсаулықтың жақсаруына, көңіл-күйдің қалыпқа түсуіне көмектесе алады. Сіздерді аталмыш кітап көрмесімен танысуға шақырамыз! Салауатты өмір салтын ұстану басты қағидамызға айналсын. Деніміз сау болсын!
Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.