Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған.

Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған.

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ.

Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген.

Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. «Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді.

Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде суреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады.

Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі.

1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды. Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Кесененің ашылу салтанаты көне Далба тауы етегіндегі салқар тойға ұласты.

2008 жылы Қарағандыда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы Жеңіс Молдабаев. Бұқар-Жыраудың шығармалары бізге философиялық - дидактикалық өлең түрінде жетті. Автор ақынның сол қолында домбыра, оң қолында таспиқ ұстаған бейнесін берген. Ол халықтың тағдыры туралы ой үстінде айбынды бейнесі. Материал: қола, гранит, жалпы биіктігі 6,5м.

2014 жылы 19 қыркүйек күні Қарағанды облысы, Ботақара кентінде Бұқар жырауға ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин. Ескерткіш мемлекеттік комиссия ұсынысына сәйкес, бетоннан жасалып, қола түстес бояумен боялған. Мүсіндік композиция барлық техникалық талаптарға сай. Биіктігі - 8 м, 40 см, тұғыры - 4 м, 20 см, салмағы - 16 тонна.  Бұл сәулеттік туындыдан еркіндікке ұмтылу идеясын, Бұқар жыраудың хандарға ақылшы, халқына басшы болған өр рухты өжет тұлға екенін көруге болады.

 Б. Қалқаманұлының шығармалары:

Бұқар жырау // Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық.- I том.- Алматы, 1989.- 82-106 б.

Бұқар жырау // Екі мыңжылдық дара жыры / Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы, 2001.- 147-153 б.

Бұқар жырау // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет: Хрестоматия / Құр.: М.Мағауин.- Алматы, 1993.- 71-104 б.

Бұқар жырау Қалқаманұлы Бірінші тілек тілеңіз // Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; жауапты ред. Қ. Құрмансейіт; жауапты хатшы С. Ақсұңқарұлы. - Астана: Фолиант, 2013. – 10-24 б.

Бұқар жырау Қалқаманұлы: Шығармалар.- Алматы, 1992.- 95 бет.

Бұқар Қалқаманұлы // XY-XYIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы.- Алматы, 1982.- 111-143 б.

Қалқаманұлы Б. Ай, Абылай, Абылай! Толғаулар.- Алматы: Жалын, 1993.- 96 б.

Қалқаманұлы Б. Қарқаралы басында..: Өлеңдер // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 64, 65 б.

Қалқаманұлы Б. Толғаулар // Қарқаралы.- 1991.- №3.- 39 б.

Бұқар жырау Қалқаманұлы Шығармалары құраст. М. Жармұхамедұлы.-Алматы: [Полиграфия], 1992.- 94 б.

Б. Қалқаманұлы туралы әдебиеттер:

Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы - Алматы: Білім, 2000.- 248 б.

Дала даналары.- Алматы: Қазақстан даму институты, 2001.- 640 б.

Екі мың жылдық дала жыры / Бас ред.Ә.Нысанбаев.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000.- 752 б.

Жолдасбекұлы М. Елтұтқа: ел тарихының әйгілі тұлғалары / Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек Қ.- Астана: KUL TEGІN баспасы, 2001.- 358 б.: сур.

Жүз тұңғыш. 1-кітап / кұраст. Б. Нүржекеұлы.- Алматы: Жалын, 2005.- 320 б.

Көркемсуретті Қазақстан тарихы: ежелгі заманнан біздің уақытымызға дейін : төрт томдық. 2-том. Алтын Орда дәуірінен он тоғызыншы жүзжылдықтың ортасына дейінгі Қазақстан / құраст.-авт. О. Жанайдаров; қазақ тіліне ауд. Т.Б. Рсаев ; сур. Л.И. Тетенко.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006.- 312 б.: сурет

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 467 б.

Қазақтың шешендік сөздері / құраст. Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2006.- 160 б.

Қазыбайұлы, С. XV-XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті: жыраулар поэзиясы - Ақтөбе: А-Полиграфия, 2005.- 296 б.-(Атырау ғалымдарының еңбектері)

Қасқабасов С. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті (компендиум) Алматы: [Б.ж.], 2005.- 64 б.

Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ау байлап - Алматы: Қазақстан, 1994.- 192 б.

Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқу құралы.- Алматы: Санат, 1994.- 312 б.: портр.

Қуанғанов Ш.Т. Бұхар жырау және оның заманы - Алматы: Ғылым, 1992.- 48 б.

Мағауин М. Бұқар жырау // Ғасырлар бедері: Әдеби зерттеулер.- Алматы, 1991.- 81-99 б.

Мағауин М. Бұқар жырау // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет: (XV-XVIII ғасырлар).- Алматы, 1992.- 93-112 б.

Мағауин М. Қобыз сарыны: XV-XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары - Алматы: Мектеп, 2003.- 192 б.-(Жетінші сөз)

Молдабеков Ж. Қазақтану: оқу құралы - Алматы: Қазақ ун-ті, 2003.- 459 б.

Нар заман мен зар заман поэзиясы: Асанқайғыдан Әбубәкірге дейін. Жыр-толғаулар / құраст. Е.Дүйсенбайұлы.- Алматы: Раритет, 2002.- 264 б.-(Жыр жауһары)

Нұржекеұлы Б. Ойұшқын: Әңгімелер мен мақалалар - Алматы: Жалын, 2002.- 496 б.

Нұрманбетов Қ.Е. Бұқар жыраудың саяси - құқықтық көзқарастары және билік шешімдері: автореферат - Алматы: Азия-Принт Адвертайзинг, 2006.- 26 б.

Омари Ж. Бұқар Жырау. Он екі тарих: трилогия. 1-2 кітап. (ХҮІІІ ғасыр.1 кітап). - Қарағанды: Полиграфия, 1994.- 333 б.

Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері. - Алматы: Білім, 2004.- 128 б.

Радлов В.В. Алтын сандық: Жинақ / Радлов В.В.; құраст. С. Қасқабасов, К. Ісләмжанұлы.- Алматы: Ана тілі, 1993.- 254 б.

Сатаев А. Замана әпсаналары. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2006.- 264 б.

Сүйіншәлиев Х. Бұқар Қалқаманұлы // Қазақ әдебиеті. XVIII-XIX ғасырлар. - Алматы, 1981.- 10-21 б.

Сыдиқов Қ. Дала жыршылары - Алматы: Қазақ ССР "Білім" қоғамы, 1989.- 22 б.

Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы: (XV-XІX ғасырлар) - Алматы: Арыс, 2004.- 288 б.-(Тіл - құрал)

Тоғжанов Е.Л. Атамекен: оқу құрал / Тоғжанов Е.Л., Аршабеков Т.Т.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- 324 б.

Тоқжан Т.Т. Сырлы сарын: музыкалық-этнографиялық жинақ - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002.- 264 б.

***

Артықбаев Ж.  Құт орнап, кие қонған Баянауыл // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2011. - № 4. - 47-53 б.

Артықбаев Ж. Орта жүз шежіресі және Бұқар жырау туралы // Орт.Қазақстан.- 1991.- 26 қазан

Асқарова М. Тарихи тұлғаларды еске алды // Сарыарқа. - Ботақара, 2004.- 17 қаңтар

Әмірханов Ш. Әруақтарға шет болмайық десек... // Халық Кеңесі. - 1991.- 25 сәуір

Әмірханұлы Ш. Аруақты сыйламау – сүйекке таңба // Орт. Қазақстан. - 1991.- 16 қазан

Баба ескерткішін ашты // Орталық Қазақстан. - 2008. - 3 шілде (№103) . - 1 б.

Баязитұлы С. Аласармаған алып немесе Бұқар жырау жайлы бірер сөз // Сарыарқа.- 1996.- №2.- 4, 5 б.

Бектұров Ж. Бұқар жырау және облыстағы ескерткіштер хақында // Орталық Қазақстан.- 1988.- 25 желтоқсан

Бұқар жырау Қалқаманұлы // Қарқаралы. - 1991.- №3.- 28 б.

Долженко Г.П. Ұлы жырауға арналды // Орталық Қазақстан. - 2003.- 31 мамыр.-14 б.

Ергөбек Ш. Қ. Бұқар жыраудың саяси және құқықтық ойларындағы ұлт-азаттық және бірлік идеялары // ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы = Вестник КазНУ. Серия юридическая. - 2015. - № 1. - 14-21 б.

Жақсыбаев С. Бұқарекең екі атты неге алмады? // Орталық Қазақстан.- 2007.- 20, 22 ақпан.-7 б.

Жанғожин А. Бабалар рухына бағышталды // Орталық Қазақстан.- 2001.- 14 сәуір

Жанғожин А. Бұқар жырау Қалқаманұлы // Орталық Қазақстан.- 1989.- 28 қыркүйек

Жанғожин А. Ұлы баба атына лайық болайық // Орт.Қазақстан.-2006.- 14 наурыз.-1,3 б.

Жәлелұлы О. Бұқар жырау философиясындағы алланың болмысы // Кітап патшалығы. - 2010. - № 5/6. - 86-89 б.

Жеңісқызы А. Ой сәулесі // Столичное обозрение.- 1999.- №12 (19 наурыз).- 10 б.

Жұмағали С. Бұқардай дана туар ма?!// Орталық Қазақстан.-2003.- 21 маусым.-16 б.

Жүніс С. Көсемнің «көңіліне» қараймын мен: екі ескерткішінің біреуінің орны Бұқар бабамызға бұйырса дейміз // Орталық Қазақстан.- 1993.- 31 наурыз

Игібаева Р. Бұқар жырау - халық жаршысыа // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2011. - № 4. - 24-27 б.

Имаш Е. Бабамыздың белгісіз жырлары // Орталық Қазақстан.- 1993.- 7 қазан

Имаш Е. Ұлы бабамыздың ұрпақтары // Орталық Қазақстан.- 1993.- 13 ақпан

Кәренов Р. Үздік ойшыл, асқан дарын // Қарқаралы.- 1993.-№9-10.- 2-8 б.

Киелі кесене // Орталық Қазақстан.- 2006.- 22 тамыз.- 4 б.

Қабдешова Қ. А. Бұқар Жырау шығармашылығындағы замана бейнесі // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары = Известия Национальной Академии Наук Республики Казахстан. Серия общественных и гуманитарных наук. - 2015. - № 5. - 193-197 б.

Қашқынов Ж. Бұқар баба // Орталық Қазақстан.- 1993.- 15 мамыр

Қосымова Г. Бұқар жыраудың шешендігі // Ұлт тағылымы.- 2004.- N2.-188-191 б.

Майбас Т. Көмейі айыр әулие // Орталық Қазақстан. - 2014. - 25 қыркүйек. - 4 б.

Майбас Т. Ұлы жырауға - ұрпақ құрметі // Орталық Қазақстан. - 2014. - 23 қыркүйек (№ 182). - 3 б.

Майбас Т. Бабалар аманатына адалдық // Орталық Қазақстан.- 2000.- 8 қараша

Нұржекеұлы Б. Бұқар жырлаған батырлар // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 11 ақпан(N6).-8-9 б.

Нұрманбетов Қ. Бұхар жыраудың билік шешімдерінің ерекшеліктері // Тураби.- 2006.-№5.-36-39 б.

Сағымбекұлы Р. Сәкен жиған Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларындағы Бұқар жырау толғаулары // Қарқаралы.- 1993.-№9-10.- 8-13 б.

Сыпатай Ф. Бұқар жырау поэзиясы // Ұлағат.- 2006.- №6.-28-35 б.

Тиыштыбаев А. Өмірін ақыл-оймен өрнектеген // Сарыарқа.- Ботақара, 2003.- 18, 25 қазан

Тілегенов Ш. Абылай хан // Сарыарқа. - Ақмола. - 1997. - № 5. - 8-12 б.

Тілегенов Ш. Бұқар жырау // Сарыарқа.- 1997.- №5.- 10-12 б.

Ұлы жырау ұлағаты // Орталық Қазақстан.- 1992.- 11 маусым

Үмбетаев М. Сыр сақтаған сырлы сөз //ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.- 2001.- N47.-109-113 б.

Шәншілов О. Бұқар жырау бабаны әйгілеген // Сарыарқа. - 1995. - 11 қараша.

Шибаева М. Бұқарекең жырлайды… // Сарыарқа.- 1999.- 21 тамыз

Шыныбектегі Қ.  Қараша ханын сыйласа, алтыннан болар белдігі // Сарыарқа. - Ботақара поселкасы. - 2008. - 5 шілде (№ 27). - 1 б.

Шыныбектегі Қ. Әулие баба Бұқарым, туған күнге бар дауым // Балқантау.- Қарағaнды, 2007. - 1 ақпан.-12 б.