Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_diktant_lat is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_diktant_lat is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Латын әліпбиіне көшу – заманымыздың заңдылығы. Өркениет көшіне  ілесу, алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарынан табылу. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылдың 19 ақпанында жарияланған Жарлығы бойынша әліпбиіміз жаңа редакцияда жазылатын болып шешілді.

Елбасының латын әліпбиіне көшу жөніндегі бастамасына қолдау көрсету әрі күнделікті қолданысқа енуі үшін дайындық жасау мақсатында кітапхана «Латын әліпбиіндегі қазақ тілі» атты шара ұйымдастырды.

Жаңа әліпбиді халықтың санасына сіңіру, бейімдеу, дағдыландыру, жастарымыздың білім деңгейлерін латын қарпі бойынша дамыту мақсатымен шара аясында Қарағанды Заң колледжінің студенттері, «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшелері, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері латын қарпінде диктант жазды.

Қарағанды медициналық интер колледжінің тәрбие жөніндегі директорының орынбасары Ә.Байтасова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Сайлаубекқызы осы шарада әділқазылық етті.

Шараға қатысушы студенттер мен кітапхана қызметкерлері жаңа әліпбиді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, жаза білу шеберліктерін байқатып қана қоймай, латын әліпбиін қолдайтындықтарын әрі бұл әліпбидің ел үшін маңыздылығын тілге тиек етті.

Шара соңында үздік әрі сауатты жазылған жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды: I дәрежелі дипломмен кітапхана қызметкері Даденова Мадина, ІІ дәрежелі дипломмен «Фемида» заң колледжінің 1 курс студенті Сатыбалдиев Төрежан, ІІІ дәрежелі дипломмен «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің студенті Орақбай Анар кітапхананың сыйлықтарына ие болды.

{gallery}material/news/2018_diktant_lat{/gallery}

Латын қарпіне көшу – түркі әлемін біріктіру жолында маңызды қадамға айналады деп сенеміз, рухымызды жаңғыртудың жарқын жетістігі деп білеміз.

Мерзімді басылымдар секторы