2018 жылдың 14 наурызында сағат 14.00-де кітапхананың конференц-залында
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты
жаңа кітабын оқырманға жақынырақ таныстыру мақсатында
"Н. Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар" атты дөңгелек үстел өтеді.
Кітап – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттікті қалыптастыруда іргелі өзгерістер орын алған тәуелсіз дамудың 26 жылына деген авторлық көзқарасын ашып көрсететін дәуірдің маңызды құжаты болып табылады.
Аталмыш шараға қаламыздың жоғарғы оқу орындарының мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы белді мүшелері, қоғамдық ойлар жетекшілері, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысады деп күтілуде.
Жиналған қауымға "Дәуір. Тұлға. Қоғам" атты Елбасы еңбегінің мазмұнын ашатын кітап көрмесі ұсынылатын болады.
Баршаңызды іс-шарамызға шақырамыз!
Қосымша ақпарат: тел: 56-53-04, 21-00-42 эл/почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.