[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_nurmakov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Бұқар жыраудың сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың ғұмыры, Аюптың сабыры..., Аплатонның ақылы керек.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлы тұлғаларымызды насихаттау барысында Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай "Ұлы жырау ұлағаты" тақырыбында әдеби сағат өткізілді.
Іс шара барысында кітапхана қызметкерлері жыраудың өмірі мен шығармашылығы, Бұқар жырау ұстанымы-ел бірлігі, ата-баба жолы жайында кітапхана қызметкері оқушыларға ақпарат беріп өтті. Интерактивті тақта арқылы оқушылар назарына жыраудың есімі берілген мекемелер мен көшелер атаулары, Бұқар жырау ауданы мұражайындағы бабамыздың жәдігерлері ұсынылды. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімдік басылымдар беттеріндегі Бұқар жырау бабамыздың мақалалары мен таныстырылды.
{gallery}material/news/2018_nurmakov{/gallery}
Әдебиетімізде аты әйгілі, тарихи тұлға Бұқар – халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар жырау аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.
Жырау сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған.
Бұқар жырау шығармаларын мәнерлеп оқып, талдаған оқушылар тарих пен әдебиетке деген ынталарын көрсетті. Бұқар жыраудың толғаулары Абылай дәуірінің айнасы.
Кітапхана қызметкерлері оқушыларға кітап қоры туралы қызықты ақпараттар беріп, кітапхана ережесімен таныстырды. Алдағы уақытта кітапхана төрінде Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесін көруге шақырамыз! Баба тойы құтты болсын құрметті оқырман!
Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.