Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_mubarakt is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_mubarakt is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын, Жесірдің айырылмас сырласы боп, Жендеттің көзінен жас ағызатын,Туады, туады, әлі атылғанда, Атылғанда, - аспаннан оқылғанда, Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп, Жанар пайда болады соқырларға!"- деген, Мұқағали да көзі тірісінде осындай бір оғланды күткен болар? Мен осы ақынды жиырма алты жыл күтіп едім, - келді... – деп жазады ақын С. Ақсұңқарұлы Бағдат Мүбәрактың "Алтынкүрек" атты жыр жинағының алғы сөзінде.

Бағдаттың поэзиясы табиғатқа таңдаданып, әділетті аңсаған, сұлулығына сүйсінген суреттеуі ұлттық мінез бен өршілдікке ұласқан. Бүгінде қазақ поэзиясында қадамы бөлек, өзінің өзекті жырларымен елдің көзқуанышына айналған ақын.

2018 жылы 2 наурыз күні Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын  Бағдат Мүбәрактың "Ай көрдім, Шолпан көрдім, Айман көрдім..." атты шығармашылық кештің аясында "Алтынкүрек" кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шығармашылық кешіне қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар, сүбелі сөздің иелері ақын С. Ақсұңқарұлы, С. Сағынтай, Қ. Асқар, Т. Әділов,  ғалымдар Т. Көкетаев, Қ. Асанов, Ж. Жарылғапов және жас ақындар қатысты. Сонымен бірге осы шараға арнайы Астана қаласынан келген кеш иесінің үзеңгілес достары Р. Әбдірахман, "Астана ақшамы" газетінің журналисі А. Қалжанов  кештің сыйлы қонағы болды.Сөз кезегін алған қонақтар қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасымен келген ақын жырларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгеше бітім-болмысын әсерлі баяндады.

Қарағанды облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.М. Нілдібаев құттықтау сөз сөйледі.

{gallery}material/news/2018_mubarakt{/gallery}

Ақынның сазды санасына ойнатып, сөзді жүрегіне бойлатып жазған өлеңіне жазылған "Қызыларай қызғалдағы", "Ақ ару" әндерін Астана қаласынан келген әнші Ерболат Серкебаевтың орындауындағы әуезді әуендер кештің сәнін келтірді.

Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 Б сынып оқушылары Жансая Мұхтархан мен Ұлжан Наурызбай Б.Мүбәрактың жырларын нақышына келтіре оқыды.

"Алтынкүрек – алғаш көктемде желпитін жылы леп, майда самал. Алайда ол соншалық нәзік болмысымен-ақ қасарысып жатқан қасат қардың көбесін сөгіп, көктемнің алғашқы бәйшешек-тағдырына жол ашады. Поэзия, демек тура осы алтынкүрек. Ол да адамзат жаралғалы бері оның жүрегіндегі енді қайта жібіместей болып бекіген шер-шеменді бір нәзік сәуле-сөз арқылы жібітіп келеді..." - деп пікірін білдірген журналист Мирас Асан айтқандай, бұл кеште оқырман ақын аузынан өзінің жалынды жырларын есту құрметіне ие болды.

{gallery}material/news/2018_mubarakt1{/gallery}

Қарағанды қаласы, "Мағжан" баспасынан 1000 данамен жарыққа шыққан жаңа кітапқа Ақ жол тілеп, оқырманы көп болғай деген тілекпен тарқасты.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің  басшысы С.О.Телпекбаева