Суық қыстың ызғарынан шаршаған адамдарды жылы күнді аңсаттырған, жылдың ең көп күттіретін мезгілі - көктем келе жатыр. Көктемнің алғашқы белгілері қыстың ақпан айында көріне бастайды: күн шұғыласын төгілткен сайын салбыраған мұздақтар ериді, тамшылардың сыңғырымен әдемі ән ойнап тұрады, бір сөзбен айтқанда, көктемнің жақындағанын білдіре бастайды. Бұдан кейін әлі қаһарына мінген қыстың да қайтқысы жоқ, яғни аяз төніп, қар жаууы әбден мүмкін. Дегенмен, көктем жақындап қалды, әлі де жылуымен көңілге нұр құятынын барлығымыз түсінеміз.

Биыл дәстүр бойынша наурыз айы мерекеге толы: Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы. Қарағанды облысының атаулы даталарына Қ.Байжанов Концерттік бірлестігінің 80 жылдығын (6-наурыз), облыстық музыка мектебінің 70 жылдығын, Абай ауданының 45 жылдығын (21-наурыз) атап өтуге болады.

Дәстүрге сәйкес мерекелік және атаулы даталарға орай, кітапханамызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Құрметті оқырман, Сіздерді осы іс-шаралардың қонағы болуларыңызға шақырамыз!

Наурыз айына арналған іс-шаралар жоспары