Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_amanat is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_amanat is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де осы – кітап.  Жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізу – кітапханашы міндеті. Осыған орай, Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 ақпан күні "Алты ауызға сыйғыздым, екі дүние бағасын..." деген атпен "Аманат" кітабының тұсауы кесілді.

Аталмыш кітап 2017 жылдың соңында Қарағандыдағы "Тенгри" баспасынан жарық көрді. Бұл жинақта Қарағанды аймағында туған, есімі бүгінгі ортаға кеңінен таныс емес тұлғалардың естелік жазбалары топтастырылған. Кітапта Қажыбай Мәндібайұлы, Қалижан (Мұхаммедқали) Жандығұлұлы, Қоқым (Біләл) Алшымбекұлы, Нұржан Шоңұлы, Дүйсенбай Маңайұлы сынды діндарлар мен ақындардың естелік жазбалары мен өлең-жырлары жарияланып отыр.

Қолжазбалар қадымша (ескі араб әліпбиі) таңбаланған. Кириллицаға аударған Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылының имамы Айдаржан Қасенов, кітаптың редакторы ақын, республикалық "Қасым" журналының Бас редакторы  Серік Сағынтай.

Авторлар туралы тоқтала кетсек:

Қажыбай Мәндібайұлы  – 1960-жылдары Қарағанды қаласы Киров аудандық мешітінің бас имамы болған. 1961 жылы сексеннен асқан жасында Мәскеуден арнайы делегациямен Меккеге қажылық сапарға барған жалғыз қазақ. Дін оқуын оқыған, араб тілін жетік меңгерген ғұлама адам болған. Белгілі фарабитанушы Ақыжан Әл-Машанимен хат жазысып, әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аударуға тікелей еңбек сіңірген азамат. Кітапта Қажыбай Мәндібайұлының қажылық сапарынан жазған естелігі беріліп отыр.

Қоқым (Біләл) Алшымбекұлы – Алаш арысы Жақып мырза Ақбайұлының адъютанты болған, кейіннен сот қызметін атқарып, қартайған шағында адвокат болған. Ел ішінде Қоқым жырау, ақын ретінде кеңінен танылған. Бұған дейін Қоқымның бірде-бір шығармасы табылмаған, тек ел ауызында аңызы ғана қалған.

Нұржан Шоңұлы – Арқаға танымал ақын. Соңында еш жазба шығармасы қалмаған. Кітапта ақынның Алшымбек қажының (Қоқым жыраудың әкесі) қажылық сапарда шейіт болғанын баласына естірту жыры жарияланып отыр. Бұл шығарма әдебиетшілер тарапынан үлкен бағаға ие болары сөзсіз.

Дүйсенбай Маңайұлы – діни сауаты мол, аймаққа танымал ақын болған. Қолжазбадан аударылған шығармалары тұңғыш рет оқырманға ұсынылып отыр.

Қалижан (Мұхаммедқали) Жандығұлұлы – дін жолын ұстанған оқымысты адам болған. 76 жасында осы кітапқа енген жазбалардың бәрқатарын жадынан жаңғыртып, қағазға түсірген.

Кітапта қазақ әдебиетінің тарихына тың хрестоматиялық үлес қосатын дүниелер тұңғыш рет жарияланып отыр. Сонымен қатар, қолжазбаларды оқи отырып, Кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамындағы, Қарағанды аймағындағы діни-әлеуметтік жағдаяттарды да сараптауға болады.

{gallery}material/news/2018_amanat{/gallery}

Сөз кезегін алған кітап құрастырушы Шабанбай би ауылының имамы Айдаржан Қасенов  жинаққа енген бұл қолжазбалар Жұмабай Жандығұловтың ұсынысымен қолға алынғаны, өткен заманғы ұлтымыздың сақталып қалған құнды рухани мұрасымен бүгінгі ұрпақты жалғастырған құнды жәдігер екендігіне тоқталып өтті. Осындай сауапты істі қолға алған кітап авторының ұрпақтары Баракат Қоқымұлы, медицина ғылымдарының кандидаты Малина Қажыбайқызы, "Тоқырауын тынысы" газетінің тілшісі Сәбиля Нұржанова, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсия Нығметова, Гүлсім Орынбайқызы, Бағдат Кәрімұлы, Төлеужан Ахметбекұлы, журналист Мүсіркеп Сейдахмет, спорт шебері, кәсіпкер Жұмабай Жандығұлов естеліктермен бөлісті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Серік Ақсұңқарұлы, Сүйіндік Жанысбай, өлкетанушы, журналист Аман Жанғожин Елбасымыз Н.Назарбаев айтқан Қазақстанның рухани жаңғыруына қосылған сүбелі үлес болатынын атап өтіп жаңа кітапқа ақ жол тіледі. Зерделі зерттеуші, нарманбеттанушы Амангелді Туғанбай аталар ісіне осылайша ізгі ниетті қауымға баға жеткізгісіз құнды қазынаны тарту еткен адал азаматтарға ризашылығын білдіріп, "Алтын көмбені халық игілігіне беріп отырмыз, бәріміз үлгі алар іс, кейінгі ұрпаққа аманат болар өнеге екенін мойындауымыз керек" - деді.

{gallery}material/news/2018_amanat1{/gallery}

Шара барысында кітапқа енген жырлар оқылып, күй орындалды.

Сонымен оқырман кеш барысында дін-иман жолын насихаттаған діни жырлар мен естеліктер, толғаулардан тұратын қадымшадан  кириллицаға аударылған "бұл кітап несімен құнды?" - деген сұраққа көптеген мағлұмат алды.

Жас ұрпақтың рухани жан- дүниесін байытып отыру бүгінгі күннің талабы.  Кітапты жазушы - халқы үшін, жастармен балалар үшін жазады. Егер оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Сондықтан ерінбей жан азығы жақсы кітапты оқып, тоқып, оқығандарымызды саралы көңілге тоқиық.

 Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева