Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері жылдық жоспарға сәйкес күні кеше Қарағанды "Болашақ" Академиясының студенттерімен кездесті. Осы жолғы өткізілген кезекті отырыста "Студенттердің моральдық-эстетикалық тәрбиедегі инновациялық үрдістері" тақырыбы бойынша студенттердің өнерге деген, қазақ мәдениетіне деген жалпы тәрбиеге деген өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында жастарға өнер туралы әдебиеттер бөлімінде бар М. Әбуғазының "Қазақтың домбыра өнері", И. Құлбаевтың "Біз қонақжай елміз", С. Қрықбаеваның "Халықтық көркемөнер шығармашылығы", кітаптары мен "Музыка әлемінде", "Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка және сызу", "Театр.kz", "Мәдениет", "Жұлдыздар отбасы" т. б. мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар таныстырылды. "Бейнелеу өнері", "Сызу", "Технология", "Тәрбиелік іс-шара", "Ұлы Дала елі", "Композиция", "Әдістеме және тәжірибе" бөлімдерінде студенттер мен оқытушыларға, оқушылар мен мұғалімдерге, өнер сүйер қауымға арналған ақпараттар жан-жақты жазылған. Болашақ мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал "Педагогика және өнер" журналы ұсынылды.
Сонымен қатар, нәзік жанды қыздар, аяулы арулар, қадірлі аналарға арналған танымды және қызықты басылым "Ақ босағамен" таныс болды.
Студенттердің кітапхана қорында бар кітаптарға қызыққандары бірден сұрақ қоюларынан байқалды.
Кездесу соңында кітапхананың ресми karlib.kz сайтынан өнер туралы әдебиеттер бөлімі жайлы толық ақпараттар алуларыңа мүмкіндік бары айтылды.
Құдайберген Ақниет өнер туралы әдебиеттер бөлімі