Кітапханамыздың жылдық жоспарына сәйкес 22 ақпан күні мерзімді басылымдар секторы "Болашақ" академиясына педагогика, білім беру саласындағы жаңалықтар, білім берудің жаңа сапасы мен жаңа технологиялардың тиімділігін насихаттайтын мерзімді басылымдарды таныстыру мақсатында ақпарат күнін өткізді. Танымдық бағытта өткізілген бұл шараға академия мұғалімдері мен сырттай оқыту бөлімінің студенттері қатысты.
Қазіргі уақыт талабы мұғалімдерден үздіксіз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан басталып, тәжірибе тұрғысынан шыңдала түсетіндіктен мұғалімдер қауымы шығармашылық ізденістерді насихаттайтын басылымдардағы материалдарды қызығушылықпен қарады. Кітапхана қорынан таныстырылған "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да", "Современное образование в школе, колледже и ВУЗ-е", "Школьные технологии", "Бастауыш мектеп", "Психология Қазақстан мектебінде" т.б. журналдарындағы оқытудың жаңа мазмұнымен жұмыс жасауға, оқушының өзін ізденуге жетелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, бала білімін ұштауға мүмкіндік беретін технологиялар түрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Ақпарат күні барысында болашақ мұғалімдерге "Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы", "Тарих Қазақстан мектебінде", "Психология Қазақстан мектебінде", "Русский язык в школах и вузах Казахстана", "Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл", "Оқушы тәрбиесі", "Тәрбие құралы" ғылыми – педагогикалық журналдары таныстырылып, екі тілде шығатындығы айтылды. Студенттер өздерін қызықтыратын сауалдарға жауаптар алды. Сонымен қатар басылымдар соңындағы сайттарға өз мақалалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынуға болатындығы ескертілді.
Кітапхана қызметкерлері кітапханамыздың жұмыс кестесі, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері, кітапхананың ресми сайты туралы мәлімет берді.
Мерзімді басылымдар секторы Айтбаева К.Т.